ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ

     Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің міндеттерінің бірі жинақтау көзіндегі мекемелерге Ұлттық архив қоры құжаттарын сақтау, есепке алу, пайдалану, құжат айналымы және құжаттаманы басқару жөнінде, іс номенклатурасын құруға, іс жүргізу нұсқаулығын әзірлеуге, сараптау комиссиясының және ведомстволық архивтің ережесін әзірлеуге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. 27.04.2022 жылы жоспарға «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК-на облыстық архивтің маманы өз тарапынан жоғарыдағы аталған жұмыс түрлері бойынша әдістемелік көмек көрсетті.



Цифрлы форматқа көшіру жұмыстары жалғасын табуда

         Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №2 тізімдемесіндегі №71-80 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қордың жай-күйі, тізімдемелердің титулдық парақшасы, парақтарының сапалы, әрі дұрыс түсірілгендігі қор істерімен салыстыра тексерілді.



Әдістемелік кеңес көрсетілді

          14.04.2022 жылы Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің басшысы М.Саурыкова облыстық архивтің жинақтау көзіндегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының маманына сақтау мерзімі аяқталған құжаттарды жою бойынша әдістемелік кеңес көрсетті.



Цифрлы форматқа көшіру жұмыстары жалғасын табуда

       Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №2 тізімдемесіндегі №61-70 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қордың жай-күйі, тізімдемелердің титулдық парақшасы, парақтарының сапалы, әрі дұрыс түсірілгендігі қор істерімен салыстыра тексерілді.
#ЦИФРЛЫҚҚАЗАҚСТАН, #Архив2025



АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

       Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан қолдау тапқан Наурыз тойын тойлау дәстүрі өз жалғасын табуда.
       Жамбыл облысы мемлекеттік архиві мен Тараз қалалық мемлекеттік архивінің ұйымдасуымен “Қош келдің әз-Наурыз” атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Ерлан Нұрманұлы
бастаған басқарма қызметкерлері, архив ардагерлері Н.Құлтайқызы, Д.Сатыбалды, Б.Жарқымбайқызы, Ш.Дүйсенбайқызы мен архив қызметкерлерікеліп қатысты.




Әдістемелік көмек

        Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің басшысы М.Саурыкова 15.03.2022 жылы «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ЖШС-нің мамандарына Ұлттық архив қоры құжаттарын сақтау, есепке алу мен пайдалану, құжат айналымы және құжаттаманы басқару, ведомстволық архивтегі құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсетті.




Әдістемелік көмек көрсетілді

ҰАҚ қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі қызметкері Д. Атышева 11.03.2022 жылы жинақтау көзі тізіміндегі Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстары ҚР Үкіметінің 19.09.2018ж. №575 қаулысымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидалары» бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.