ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІ

        2022 жылдың қаңтар айында орын алған террористік акті оқиғаларының нәтижесінде «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің жинақтау көзі болып табылатын «Жамбыл облысы Әкімі аппараты» КММ-де, «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ-де, «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» КММ-де Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам бойынша құжаттарының жойылу фактілері орын алған болатын.
Облыстық архивтің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері жоғарыда аталған мекемелермен өрт салдарынан жойылған құжаттарын талдап, соның ішінде қалпына келтіру мүмкіндіктері бар құжаттар бойынша әдістемелік көмек көрсетті.



31 мамыр қуғын-сүргінді еске алу күніне «ЗОБАЛАҢ ЖЫЛДАР ЕЛЕСІ» атты тақырыптағы көрме

       Саяси қуғын-сүргін – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірі екендігі белгілі. Мемлекет Басшысының «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия» құру туралы 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығы – сөзіміздің айқын дәлелі.
       Бұл шешім – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің, жасанды зауалдан зардап шеккен жазықсыз жандардың алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстарға жаңаша серпін берді.
Тәуелсіздік таңымен бірге жазықсыз жазаланған арыстарымызды ақтау дәуірі басталды. Ашаршылықтан ес жиналмай жатып, сталиндік қанды террор мен жаппай репрессияның қасіреті төнді. Мыңдаған қандастарымыз жазықсыз жазаланды. Айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Зұлматты жылдары Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылғаны белгілі. Ал Жамбыл облысы бойынша «халық жауы» деген жалған жаламен 5 мыңнан адам жазаға тартылып, соның 845-і атылған. Олардың қатарында Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, Сыдық Абланов, Мақсұт Жылысбаев, Әшір Бүркітбаев, ағайынды Нұршановтар, тіпті көпшілікке белгілі экономист, қаржыгер, академик Түймебай Әшімбаев пен даңқты қызылшашы Дариға Жантоқова апамыз да бар.
Бұл көрсеткіштер бүгінгі таңда тарихымыздағы «ақтаңдақ» беттерін қайта қараумен, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау науқанымен жаңартылуда. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, оларды жазықсыз жағылған қара күйеден аршу бүгінгі ұрпақтың парызына айналды.
          Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде 31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Зобалаң жылдар елесі» тақырыбында құжаттар көрмесі қойылған. Көрме құжаттар, фотоқұжаттар және архив құжаттары негізінде жарық көрген кітаптардан тұрады.
          Халқымыз үшін қасіретті кезең сол заманның құрбандарын еске алу баршамыздың, келер ұрпақтың мәңгі борышы. Өйткені тағдыр-талайымен тұтас бір ұлттың бұлай күйрей қырылуы адамзат тарихында сирек кездеседі.
Ендеше сол зұлмат жылдардың құрбандарының әруағына тағзым етіп, бас иейік! Қазақ халқы барда олар еш уақытта ұмытылмақ емес.
Қасиетті Қазақ елінің шаңырағы биіктеп, керегесі кеңейген заманда өмір сүріп жатырмыз. Енді осынау бақытты кезеңнің бағасын біліп, қадіріне жетейік. Қазақ елі өсіп-өркендеп, өсе берсін!



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ МЕЙРАМБЕК МЫЛТЫҚБАЙҰЛЫ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТЕ

        Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жамбыл облысының тумасы Мейрамбек Мылтықбайұлы киелі қара шаңырақ облыстық архивке арнайы ат басын бұрды. Алдымен мекеме директоры К.Сәттібайұлы ұжым мүшелерімен таныстырса, бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы Мәжіліс залында орналасқан облыстың тыныс-тіршілігінен хабар беретін көрме құжаттарына жеке-жеке тоқталып архивтік құжаттың тарихынан ақпарат берді.
       Дөңгелек үстел басында Мейрамбек Мылтықбайұлы алдағы өткелі тұрған референдум, қоғамммен байланыс, ауыл-аймақ, қала, облыста орын алып отырған түйткілді мәселелер мен ең бастысы адамның рухани баюы жөнінде кеңірек тоқталып, ұжымға слиқалы ойын жеткізді.
Шара соңында Жамбыл облысының бірінші басшылары атты кітаптың екі томдығы сыйға берілді.



Әдістемелік және тәжірибелік көмек

      «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері Г.Кулибаева мен Д.Атышева облыстық архивтің жинақтау көзіндегі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ-гі ведомстволық архивінде сақтауда тұрған құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуде.



Цифрлы форматқа көшіру жұмыстары жалғасын табуда

       Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №2 тізімдемесіндегі №81-90 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қордың жай-күйі, тізімдемелердің титулдық парақшасы, парақтарының сапалы, әрі дұрыс түсірілгендігі қор істерімен салыстыра тексерілді.
#ЦИФРЛЫҚҚАЗАҚСТАН, #Архив2025



Архив- мемлекет тарихының сақтаушысы

      Архив қоры шегінде сақтау бірлігін есепке алу және жіктеу бірлігі болып табылғандықтан, қағаз негізіндегі архивтік құжаттардың сақтау бірлігі іс болып табылады.Осыған орай Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мемлекеттік сақтаудағы істердің,істер тізімдемесімен салыстыра отырып,нақтылануда.
«Құжаттардың бірыңғай элекрондық архиві»бағдарламасына енгізудің негізгі шарты-істердің толықтығы,жай-күйі, тізімдемедегі істердің жиынтығы,есептік құжатқа енгізілген мәліметі.
Бағдарлама аясында Әулие-ата уезінің кезеңіндегі ескі құжаттарға жаңарту жұмысы қоса атқарылуда,жоғарыда атқарылған жұмыстар аяқталған соң, «Элекрондық нұсқаға көшіру» сатысына ауысады.
Архив- мемлекет тарихының сақтаушысы деп бекер айтылмаған.
«Шаң басқан архив талай сырды шертеді».Қалың ,ескі папкілерді қораптармен қаптап,үстіне тозаң қондырмай, көздің қарашығындай сақтап отырған архивистердің еңбегі зор.



Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛҒАН ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАР» атты көрме

     Биыл Ұлы Жеңістің 77 жылы атап өтілуде. Уақыт өткен сайын соғыс аты алыстағанымен оны зерттеу әлі жалғасып келеді. Осы жылы архив құжаттары негізінде соғыс жылдары біздің өңірімізде құрылған әскери құрамалар жөнінде іс-шара өткізуді ұйғардық.
     Көрмеде облысымызда құрылған 81-ші және 105-ші әскери дивизиялар, сондай-ақ жеке атқыштар және инженерлік-құрылыс батальондары, үш жұмысшы батальоны, бес теміржол ротасы және газсыздандыру отрядының құрылуы, олардың жеке құрамдары мен тарихы туралы мәліметтер қамтылған.