ІСТЕРДІ, ҚҰЖАТТАРДЫ АРХИВКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ

         Жамбыл облысының мемлекеттік архивіне құжаттарды қабылдау жыл сайын жүзеге асырылады.
Бүгін Жамбыл облысы Әділет департаментінің ведомстволық архивіндегі 1937-1946 жылдардағы туу туралы, некеге тұру, некені бұзу және қайтыс болғандарды есепке алу акт жазба кітаптары қабылдануда.



Кезекті тексеру жұмыстары жүргізілді

         Комиссия мүшелері тексеріс барысында “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №2 тізімдемесіндегі №110-115 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қордың жай-күйі, тізімдемелердің титулдық парақшасы, парақтарының сапалы, әрі дұрыс түсірілгендігі қор істерімен салыстыра тексерілді.



«ҚБЭА» АЖ БОЙЫНША ZOOM БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦБАЙЛАНЫСЫ

        Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Президент Архивін «ҚБЭА» АЖ-ға қосу жөніндегі Жол картасын уақытылы іске асыру, оның ішінде «ҚБЭА» АЖ-ның оқу залы функционалын пысықтау бөлігінде бірыңғай ұстанымды әзірлеу үшін а.ж. 4 қазанында zoom бейнеконференцбайланысы болып өтті.
        Облыстық архив тарапынан «ҚБЭА» АЖ-мен айналысатын жауапты мамандар бейнеконференцбайланысқа қатысып, өзекті мәселелер бойынша сұрақ-жауап алмасты.



ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

       Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің «ҰАҚ архивтік құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есебін жүргізу бөлімінің» негізгі міндеті: Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету яғни сақтау процесінде архивтік құжаттардың физикалық-химиялық, техникалық жәй-күйін тексеру, зақымданған архивтік құжаттарды анықтау, сақтау рижимін қалпына келтіру. Осыған орай зақымданған жыртылған құжаттардың мұқабаларын жаңарту, мәтінінің көмескеленуі, шаң тозаңнан арылту, істерге шифрлама, жаңа қораптарға орналастыру және әрбір қорапқа жапсырма жапсыру іс шаралары күнделікті атқарылуда.
 



«АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

«АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағанын жақсы білеміз. Ол балаларға ерекше назар аудару керектігін атап өтіп, балалардың әл-ауқаты мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі болып табылатынын атап өтті.
Мәдениет және спорт Министрлігінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жобасы басталды.
Бұл жобаның мақсаты архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге балаларды кеңінен тарта отырып, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру. Ата-бабалар тарихын, салт-дәстүрді зерттеуге тарту, Отанға деген патриоттық сезімін ояту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру, «архивист» мамандығының маңыздылығы мен қызығушылықты арттыру, өскелең ұрапқты ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.
Бүгінгі жиынға өлкетанушы, ардагер ұстаз, Т.Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы Әлі Бекқұлы, Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №8 орта мектептің 8-9 сынып оқушылары, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары С.Мәдиева, Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы және БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен оқушыларға қоймада сақтаулы құжаттарымен таныстырып, мәжіліс залына дайындалған облыстық архивте сақтаулы Әулиеата уездік, аудандық, атқару комитеті, Жамбыл облыстық атқару комитеті, партия құжаттары арасынан алынған 1917-1918 жылдар аралығындағы Әулиеата өңірін жайлаған аштық кезеңдеріне қатысты архивтік құжаттар, 1928 жылғы Меркі, Әулиеата аудандарынан тәркіленген байлардың тізімі, 1930-1933 жылдар аралығындағы нан, ет дайындау науқандары, 1941-1946 ж.ж. Жамбыл жеріне эвакуацияланған азаматтар жөнінде көрме ұсынылды. Өлкетанушы, ардагер ұстаз Әлі Бекқұлының соғыс тақырыбындағы әңгімесін тыңдап, оқушылар өздерін қызықтыратын тақырыпта сұрақтар қойылды.
Жиын соңында архив құжаттарына негізделіп жазылған «Әулиеата өңірі-архив құжаттарында» атты мақалалар жинағының тұсаукесер салтанаты өтті.

           




“АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ” АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ӨТКЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

“АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ” АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ӨТКЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ




АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

         Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында елімізде барша мемлекеттік қызмет көрсету түрлері электронды түрде жүргізілуде. Соның ішінде архивтік анықтамалар беру қызметі де бар.
        Архив саласындағы мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі мен жолдарын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысының мемлекеттік архиві «Ашық есік күнін» өткізді. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы М. Жанабаева және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №1,2,3,4 бөлімдерінің бөлім басшылары архивке келіп азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өзекті мәселелер бойынша ой талқыға салынды.