1

«Діни экстремизм мен терроризм-әлемге төнген қауіп» атты дөңгелек үстел

15.09.2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы» ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Ерзат Жасқанбайұлы Жақыпов жетекшілігімен «Діни экстремизм мен терроризм-ғасыр індеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризмнің адамзат қоғамына шынайы қауіпі, олардың XXI ғасырдың анағұрлым өткір мәселелердің бірі екендігі тілге тиек етілді. Сонымен қатар, еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы туралы айтылды. Аталмыш тақырыпта жиын барысында бейнеролик көрсетілді. Архив қызметкерлері әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.



Комиссия мүшелері ЭЦФ көшірілген құжаттарды тексеруде

Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №1 тізімдемесіндегі №101-120 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.



ЭҚБА АЖ енгізілген қорлар мен істерді тексеру жұмысы

 

“Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві” ақпараттық жүйесіне (ЭҚБА АЖ) енгізілген қорлар мен істерді тексеру барысында.




ЭЦФ көшірілген құжаттарға кезекті тексеру жұмыстары

Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №1 тізімдемесіндегі №81-100 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.



ЭЦФ құжаттарға кезекті тексеру жұмыстары

Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №1 тізімдемесіндегі №61-80 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.



Жинақтау көзі тізіміне кіру үшін әдістемелік кеңес

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы №500 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы – Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кеңсесінің құрылуына байланысты мекеме қызметкері Қ.Б.Есіркеповке ҰАҚ қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкері Г.Кулибаева жинақтау көзі тізіміне кіру үшін әдістемелік кеңес берді.




Қор тізімдемелерін мұқабалау, тігу, жаңғырту, санын көбейту жұмыстары

Жеке құрам бойынша қор тізімдемелерін мұқабалау, тігу, жаңғырту, санын көбейту жұмыстарын жүргізу барысы.