«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-сі Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде.
«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ (әрі қарай – Ұлттық орталық), 2017 жылы құрылған. Ол еліміздегі сонымен қатар шетелдердегі тарихымызға қатысты көне жазба мұраларды жинаумен, сақтаумен, көне жазбаларды қалпына келтіріп, ғылыми айналымға қосумен айналысады. Осы мақсатта 15-19 сәуір күндері Ұлттық орталықтан Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы К.Пәрімбекова, Есепке алу, сақтау, көрме және оқу залдарының жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Баймағамбетова Тараз қаласына іс-сапармен келді.
Олар «Ақпараттық анықтамалық» (Қазақстан тарихы шетел архивтері мен кітапханаларында (XVIII – XX ғ.ғ.)) IX том кітабын және «ULY DALA MURASY» ғылыми-танымдық журналын облыстық мемлекеттік архивімізге табыс етті.
Ендеше, болашақта рухани құндылықтарымызды паш етіп, мекеме қорында сақтаулы тұрған құнды қол жазбаларды қонақтарға кеңінен таныстыруға белсене атсалысамыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрінің 2024 жылғы 06 наурыздағы хатына сәйкес, «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу (www.egov.kz) және «eGovmobile» электрондық үкіметінің мобильді қосымшасы” уақытша тоқтатылатындығын хабарлайды.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» қағидасына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға «Архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі төмендегідей көрсетіледі:
– архивтік құжаттардың орналасқан жеріне қазпошта арқылы өтінішті жіберіп;
– мемлекеттік архивтің қызмет берушінің кеңсесінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш тіркелген күнінен бастап 11 (он бір) жұмыс күн.
Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады:
8(7262) 43-15-61.
ВАЖНАЯ ИНФОРМАЦИЯ
КГУ «Государственный архив Жамбылской области» доводит до сведения, что на основании письма вице-министра культуры и информации Республики Казахстан от 06 марта 2024 года, получение государственной услуги «Выдача архивных справок, копий архивных документов или архивных выписок» временно приостановлено через портал «Электронного правительства» (www.egov.kz) и мобильное приложение электронного правительства «eGovmobile».
В связи с этим, государственная услуга «Выдача архивных справок, копий архивных документов или архивных выписок» в соответствии с «Правилами оказания государственных услуг в области архивного дела» утвержденные приказом № 159 от 29 мая 2020 года Министерства культуры и спорта Республики Казахстан оказывается следующими способами:
– посредством казпочты, отправив заявление по месту нахождения архивных документов;
– в канцелярии услугодателя Государственного архива.
Срок оказания государственной услуги 11 (одиннадцать) рабочих дней со дня регистрации заявления.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА -85 ЖЫЛ!
Оқи отырыңыз! Тарихтан хабар
Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Л.Кожаханованың «Тарихтың терең шежіресі» атты мақаласы облыстық «Ақ жол» газетінің №36 санына жарық көрді.
16 НАУРЫЗ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ
Бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналған. Бұл күні ел аумағында қазақстандық авторлар, суретшілер, мүсіншілер туындыларының тұсаукесерлері ұйымдастырылады.
Қазақ мәдениетінің түп негізі гуманистік идеялардан туындайтын болғандықтан, ол қоғамды жалпыадамзаттық құндылықтар аясында біріктіруші күш бола алады. Оның ішінде, өзгені түсінуге ұмтылу, өзара көмек пен ынтымаққа негізделген қарым-қатынас қағидалары халықты біртұтас ұлтқа айналдыруда аса маңызды.
Сондықтан 16 наурыз тақырыбы азаматтарға ата-бабамыздың рухани-практикалық және мәдени тәжірибесін еске түсіріп, одан сабақ алуға мүмкіндік береді.
15 НАУРЫЗ – «ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ»
Бұл күн ел бойынша қайырымдылыққа, мейірімге арналған. Қоғамға қайырымдылық көрсету мәдениетін сіңіріп, жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын қалыптастыруымыз қажет.
“КӨРІСУ КҮНІ” немесе “АМАЛ МЕРЕКЕСІ” ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Көктем мерекесінің алғашқы бастауы “Көрісу” немесе “Амал” мерекесі. Бұл күні қытымыр қыстан аман шыққан халық, бір-бірімен көрісіп, құшақтасып, қауышатын шағы болып табылады.
Үй-үйді аралап, қонаққа барып, бір-біріне сәлемдерін береді. Кәде сыйларын ұсынып, дастархандарын жаяды.