БҮГІН КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЗАҚТЫҢ АРДАҚТЫ ПЕРЗЕНТІ ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

image_pdfimage_print

   

          Қазақстан тарихындағы қайталанбас тұлғаның есімі уақыт өткен сайын аңызға айналып, жұрт жадында тағылым мен өнегенің өшпес өрнегі боп қалыптасып келеді.
Былтыр 110 жылдығын кең көлемде атап өткен Тараз жұрты биыл да қайраткер есімін естен шығармады.
          Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков , қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев, Облыстық ардагерлер кеңесі ұйымы, облыстық Қонаев қоры ұжымы және бірқатар мекемелер мен аймақ зиялы қауым өкілдері Дінмұхамед Ахметұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.

 

You may also like...