БАТЫР ДЕУГЕ ЛАЙЫҚ!

image_pdfimage_print

(Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылған Мұсабек Айтқұловтың ерлігі туралы)

О баста Белорус майданында болған дивизия бұл кезде 1 Украин майданына қарайтын.
Қандасымыз, атқыштар батальонының бірінші нөмірлі қол пулеметшісі Мұсабек Айтқұлов 1944 жылдың шілде айында кезекті ұрыста ерекше ерлігімен көзге түседі. Бұл ерлік жайлы 1944 жылы 8 қыркүйектегі марапаттау қағазында былай жазылған:
1944 жылы 19-25 шілде аралығында, алты күн бойы Волын облысы мен Польша аумағында кескілескен шайқас болды.

Біздің отандасымыз сержант Айтқұлов Мұсабек батылдық танытып, көптеген ерліктер жасады. 19 шілдеде біздің әскер Волчек елді мекені үшін жан аямай күресті. Бір өзі село шетіне бұзып-жарып кіріп, қоян-қолтық ұрыста өзінің пулеметімен тек 15 немістің көзін жойып қана қоймай, жаудың ақаусыз пулеметін қолға түсірді.

Екі күннен кейін, 21-22 шілдеде Лукашин елді мекенінің жанында 7 сағат бойы қол пулеметімен взводтың іргесінде жаудың 19 шабуылын тойтарды, 30-ға жуық немістің жауынгері мен офицерінің көзін жойды, алға жылжып өлген жаудың қол пулеметін қолға түсірді. 23 шілдеде ол тағы да Тыщовцы елді мекеніне баса-көктеп кіріп, жаудың шабуылының бетін қайтарып, 7 неміс жауынгерін жойды.
24 шілдеде ескі Антоновка және жаңа Антоновка ауылдары жанындағы жау шебіне шабуыл жасау кезінде тағы да ерлік көрсетті! Бірінші болып жауға қарсы тұрып, қоян-қолтық ұрыста пулемет пен гранаталармен қимылдап 12 жаудың көзін жойды, бір неміс офицері мен жауынгерін тұтқынға түсірді. Осы шайқаста немістердің екі рет қарсы шабуылға шығу талпынысына тойтарыс берді, жаудың 20-ға жуық жауынгері мен офицерінің көзін жойды. 25 шілдеде Замостье қаласын алу үшін шайқаста Айтқұлов Мұсабек бірінші болып тұрып шабуылға шықты, алғашқы ұрыста пулемет пен гранаталармен 10-ға жуық немісті жойып жіберді. Жаудың станокты пулеметіне жылжып барып, немістің көзін жойып, оның олжаға түскен пулеметін алып келіп, рота старшинасына тапсырды. Қала үшін шайқас барысында 19 жауынгер мен офицердің көзін жойып, бір автомашинаны қиратты.

Сержант Мұсабек Айтқұлов Кеңес Одағының Батыры атағын иеленуге лайықты.

410-шы атқыштар полкының командирі, подполковник Марков 8 тамыз 1944 жыл “Ұмытылған қаһармандар” кітабынан. аударма.

You may also like...