Байырғы басылымдарға шолу

«Кедей» жұмысшы-шаруа басылымы жетісіне 2 рет- бейсенбі, жексенбі күндері шығып тұрған. Басылымның 30-қыркүйек 1920 жылы санында, 1-бетте Әулиеата қаласындағы атқарылған жұмыстар және шаруа-жұмысшы комитететтерінің алдағы атқарылатын маңызды мәселелері жөнінде қала басшыларының, орталық комитет басшыларының үндеуі ретінде бас мақала, сондай-ақ, Қызыл Армия әскерлеріне, жұмысшыларға, жастарға, шаруа дихандарға осы басылымға сол кездегі кемшіліктер мен жетістіктерді көрсете отырып мақалалар жариялап тұру өтінілген үндеу жарияланған.

2-бетінен Әулиеа-Ата қаласы мен уезінде болған әр түрлі жаңалықтармен қоса білім беру және ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтарды оқуға болады. Алмалы болсыныдағы ат-арба көліктерініің жетіспеуі салдарынан орын алған шаруашылық жұмысындағы олқылықтар, Жалпақтөбе поселкесіндегі ауылнай жиналысының қорытындылары хабар ретінде берілген.

Әулиеата қаласында айына 2 рет «Кәсіподақ жаршысы» басылымы шығып тұрған. Осы басылымның 1921 жылғы наурыз айының 31 жұлдызындағы санында, 31 наурыз бен сәуірдің 6 жұлдызы аралығындағы өткен кәсіподақ ұйымының апталығы туралы, аталған ұйымның алдағы мақсаттары мен міндеттері жөніндегі мәліметтер және бес мақала, орталық комитететерінің шешімдері мен қарарлары, әр түрлі анықтамалар, мәденет саласында кейбір ақындардың өлеңдері жарияланыпты.