СЕМИНАР-САБАҚ

Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес, облыстық архивтің жинақтау көзіндегі мекемелерге “Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану” тақырыбында семинар-сабақ өткізді.
#archive2025



СЕМИНАР – САБАҚ

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану тақырыбы бойынша Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бөлімдер арасындағы тәжірбие алмасу мақсатында семинар-сабағын өткізді. Семинар барысында архив қызметкерлері аталмыш мәселені қызу талқыға салып, сұрақтар қойылды.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК іс жүргізу, архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



АСА ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ, ЗЕРДЕЛЕУ, НАҚТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз етуді арттыру бойынша шаралардың жүйесінде сақтандыру көшірмесі ерекше орын алады. Осы үдеріс үшін нормативті-құқықтық база -1998 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР-ның “Ұлттық архив қоры және архивтер туралы” Заңы және ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы №578 қаулысымен бекітілген «Құжаттар көшірмелерінің Мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережесі» болып табылады.
🖊️ Бәрімізге белгілі, сақтандыру қорын және пайдалану қорын құру үшін, пайдалану арқылы кейін микрофильмдер шығаратын құжаттардың электронды көшірмелері дайындалатын, бір мезгілде сақтандыру қорын үлдір тасымалдағышта құжаттың электронды образын дайындауға мүмкіндік беретін гибридті жүйелер және дайындалған көшірмелерді сканерлеумен үйлестіре отырып құжаттарды оптикалық микрофильм қолданылуы мүмкін.
🖊️ Облыстық архивте Мәдени құндылықтарға жатқызылған қағаз негіздегі, орама үлдірдегі аса құнды құжаттардың сақтандыру қорын құру, толықтыру, сақтауын ұйымдастару және есебін жүргізу ең ауқымды жұмыс. Осы орайда сақтандыру көшірмелерін (микрофильмдерді) тексеру іс шарасы жүргізілді. Микрофильмге жазылған ақпаратты оқу мүмкіншілік болмай отыр, оқитын құралдың және арнайы маманның жоқтығына байланысты.
📍Дей тұрғанмен де жазбалармен тізімдемелермен салыстыра отырып нақтылау жұмысы жүргізілді.
#archive2025



«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-сі Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде.

«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ (әрі қарай – Ұлттық орталық), 2017 жылы құрылған. Ол еліміздегі сонымен қатар шетелдердегі тарихымызға қатысты көне жазба мұраларды жинаумен, сақтаумен, көне жазбаларды қалпына келтіріп, ғылыми айналымға қосумен айналысады. Осы мақсатта 15-19 сәуір күндері Ұлттық орталықтан Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы К.Пәрімбекова, Есепке алу, сақтау, көрме және оқу залдарының жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Баймағамбетова Тараз қаласына іс-сапармен келді.
✒️ Олар «Ақпараттық анықтамалық» (Қазақстан тарихы шетел архивтері мен кітапханаларында (XVIII – XX ғ.ғ.)) IX том кітабын және «ULY DALA MURASY» ғылыми-танымдық журналын облыстық мемлекеттік архивімізге табыс етті.
📌 Ендеше, болашақта рухани құндылықтарымызды паш етіп, мекеме қорында сақтаулы тұрған құнды қол жазбаларды қонақтарға кеңінен таныстыруға белсене атсалысамыз.



МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрінің 2024 жылғы 06 наурыздағы хатына сәйкес, «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу (www.egov.kz) және «eGovmobile» электрондық үкіметінің мобильді қосымшасы” уақытша тоқтатылатындығын хабарлайды.
📍 Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» қағидасына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға «Архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі төмендегідей көрсетіледі:
– архивтік құжаттардың орналасқан жеріне қазпошта арқылы өтінішті жіберіп;
– мемлекеттік архивтің қызмет берушінің кеңсесінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш тіркелген күнінен бастап 11 (он бір) жұмыс күн.
📌 Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады:
8(7262) 43-15-61.
📣 ВАЖНАЯ ИНФОРМАЦИЯ
📍 КГУ «Государственный архив Жамбылской области» доводит до сведения, что на основании письма вице-министра культуры и информации Республики Казахстан от 06 марта 2024 года, получение государственной услуги «Выдача архивных справок, копий архивных документов или архивных выписок» временно приостановлено через портал «Электронного правительства» (www.egov.kz) и мобильное приложение электронного правительства «eGovmobile».
📍 В связи с этим, государственная услуга «Выдача архивных справок, копий архивных документов или архивных выписок» в соответствии с «Правилами оказания государственных услуг в области архивного дела» утвержденные приказом № 159 от 29 мая 2020 года Министерства культуры и спорта Республики Казахстан оказывается следующими способами:
– посредством казпочты, отправив заявление по месту нахождения архивных документов;
– в канцелярии услугодателя Государственного архива.
Срок оказания государственной услуги 11 (одиннадцать) рабочих дней со дня регистрации заявления.
📌 По всем интересующим вопросам обращаться по телефону:
8(7262) 43-15-61.
Возможно, это изображение текст «"ΑРХИВТИК АНЫКТАМАЛАР, АРХИВТΙК КУЖАТТАРДЫН ΚΘШΡΜΕЛΕΡΙΗ БЕРу НЕМЕСЕ ΑРХИВТИК УЗИНДИЛЕР БЕРУ" МЕМЛЕКЕТТИК кызмеТ МАНЫзДЫ АКПАРАТ ВАЖНАЯ ИНФОРМАЦИЯ ГОСУДАРсТВенная УСЛУТА «ВЫДАЧА АрХИвНЫХ СПРАВОК, копИИ SOCNTUTICTEHAERET АрХИвНЫХ ДОКУМЕНТОВ или АРХИВНЫХ ВЫПИСОК» ΗНΖ zhambyl_muragat»



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА -85 ЖЫЛ!

Оқи отырыңыз! Тарихтан хабар
📌 Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Л.Кожаханованың «Тарихтың терең шежіресі» атты мақаласы облыстық «Ақ жол» газетінің №36 санына жарық көрді.
#archive2025