“АРХИВТІ ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫРУ” туралы дөңгелек үстел

Жамбыл облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының құрылғанына 85 толуына орай облыстық мемлекеттік архив қызметкерлерімен бірлесе отырып, “Архивті жеке тектік құжаттармен толықтыру жолдары” аттты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
📌 Дөңгелек үстелге кітапхана қызметкерлері, Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Г.Кулибаева, бас сарапшы Д.Атышева, Архив құжаттарын жариялау бөлімінің басшысы С.Зейнуллаұлы мен “ALEM” кәсіби білім беретін колледждің 2-курс студенттері қатысты.
📎 Іс-шара барысында архив құжаттары негізінде дайындалған “Мәдениет және өнер қайраткерлерінің жеке тектік құжаттары” атты тақырыпта көрме таныстырылды.
🔍 Студенттерге облыс көлемінде архив саласының құрылуы мен даму тарихы, қор құрамы мен құрылымдық бөлімшелер, жеке тектік құжаттарды қабылдау жолдары түсіндіріліді.



“АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ АҚПАРАТ ЖІКТЕУІШІН ӘЗІРЛЕУ”

Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастауымен Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде “Архив қорының құжаттық ақпарат жіктеуішін әзірлеу” жөніндегі жұмысшы тобы құрылып, 14-18 қазан күндері жіктеуіш әзірлеген болатын.
🔍 Бұл жұмысшы топ құрамында ҚР Ұлттық архиві, Орталық мемлекеттік архиві, өңірлік архивтер мен қатар Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінен бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы қатысқан болатын.
📎 Ұлттық архив қабырғасында атқарылған жұмыстар туралы мекеме қызметкерлеріне түсіндіріліп, Ұлттық архивтің тыныс-тіршілігінен хабар берілді.
Возможно, это изображение 6 человек и текст



⚜️«ЖӨНСІЛТЕРЛЕРДІ, КАТАЛОГТАРДЫ, СІЛТЕГІШТЕРДІ, ШОЛУЛАРДЫ ЖАСАУ ТӘРТІБІ»

🔱Облыстық архив қызметкерлерінің өзара тәжірбие алмасу, біліктілігін арттыру мақсатында “ЖӨНСІЛТЕРЛЕРДІ, КАТАЛОГТАРДЫ, СІЛТЕГІШТЕРДІ, ШОЛУЛАРДЫ ЖАСАУ ТӘРТІБІ” атты тақырыпта семинар-сабақ өткізілді.
📌 Сабақтың өзекті тақырыбы жөнсілтердің жасалу тәртібі мен құрылымдары туралы слайд арқылы көрсетіліп, қызметкерлерге түсіндірілді.
#архив2025



📍АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

📌 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің есепшісі Жарылкапова Улдар Шигирбаевна, бөлім басшысы Қыстаубай Арслан Қанатұлы, мемлекеттік сатып алу маманы Никсабаева Айдана Серикқызы Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқарма басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
📌 Құттықтаймыз!



📜 «МҰРА ИНСТИТУТТАРЫ ҚОҒАМДЫ ОРНЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АРХИВШІЛЕРІНІҢ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІНЕ ТҰЖЫРЫМДЫҚ ЕСЕБІ

📌 Қазан айының 2-4 жұлдыздарында өткен «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты тақырыпта Қазақстан архившілерінің II халықаралық Конгресі өткен болатын.
📌 Іс-шара барысында өзгермелі климат жағдайындағы архивтеудегі қиындықтарды жеңу, мұра институттары және қоғамның тарихи жадын қалыптастыру тақырыптары аясында өрбіп, баяндамалар оқылған етін.
📌 Конгреске Жамбыл облысының мемлекеттік архивінен «Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру» бөлімінен қатысқан басшысы өткен іс-шараны резюмелеп және тұжырымдап семинар-есеп өткізді.
#архив2025



📣 АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ АҚПАРАТ ЖІКТЕУІШ ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

📌 Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде архив қорының құжаттық ақпарат жіктеуіш әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтуде.
📌 Бұл жұмысшы топтың негізгі мақсаты әр өңірден келген сарапшылардың республика көлемінде бірыңғай құжаттық ақпарат жіктеуішін әзірлеу болып табылады.
📌 Отырыс барысында топ мүшелері ақпараттық салалары бойынша ұсыныстарды, ескертулерді қарастыруда.
📌 Жіктеуіште мемлекеттік басқару, сот, қаржы, статистика, еңбек, өндіріс, құрылыс, көлік, байланыс, ауыл, орман, су шаруашылығы, сауда, білім, тәрбие, ғылым, өнер және тағы да басқа салалар қамтылған.
#архив2025



📚 Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының және Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің сараптау тексеру комиссиясының бірлескен алғашқы отырысы өтті.

📚 Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының және Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің сараптау тексеру комиссиясының бірлескен алғашқы отырысы өтті.
#архив2025