«ТӘУЕЛСІЗДІК ҒАСЫРДАН ЖЕТКЕН ҰЛЫ КҮН» АТТЫ ОҚЫРМАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

📍Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысы мемлекеттік архиві бірлесе «Ақтарылған архив, тасқа басылған тарих» жобасы аясында «Тәуелсіздік ғасырдан жеткен ұлы күн» тақырыбында оқырман конференциясы өтті.
📍Конференцияға Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері, облыстық архивтің архивисті, журналист Әділбек Бақараұлы, бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенттері, Тарих кафедрасының аға оқытушысы А.Альдибаева, Тараз политехникалық колледжінің тарих пәнініің мұғалімі А.Дәуітбаева қатысты.
📍Іс-шараның мақсаты Ұлы Отан соғысы туралы, Жеңістің маңыздылығы, жерлес жамбылдық жуаынгерлер ерлігі мен өмірбаянын архив құжаттары негізінде жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.
Ә.Бақараұлы Ұлы Отан соғысынңы қандай қиыншылықпен келгендігі, жамбылдық Кеңес Одағы Батыры атағына ұсынылған 8 майдангердің өмір жолы мен батырлығы туралы баяндаса, С.Зейнуллаұлы облыстық архивте соғыс тақырыбына қатысты деректерімен бөлісті.
#архив2025



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АРХИВІ ЕЛОРДАҒА АУЫСТЫ

Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Репсубликасы Президенті архиві Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен Елордамыз Астана қаласындағы жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа, заманауи жабдықтармен жабдықталған ғимаратты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы келіп аралады.
Қазақстан Республикасының Президенті архиві – 1918 жылдан бері келе жатқан еліміздің тарихы мол жинақталған іргелі архивтердің бірі. Мұнда еліміздің Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, сыртқы және ішкі саясаты, халықаралық қатынастары, экономикалық қайта құру үрдістері мен әлеуметтік-мәдени дамуы бойынша материалдар бар.
Ал жаңа ғимарат ел тарихына қатысты құжаттар сақталатын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ.
Арнаулы ғимаратта құжат сақталатын қоймалар, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары, жұмыс бөлмелері мен әкімшілік аумақ орналасқан. Мұндағы 24 архив қоймасы қағаз жүзіндегі құжаттарды, дыбыстық-бейнелік жазбаларды сақтауға, сондай-ақ шағын таспалардағы және электрондық құжаттарды сақтандыру қорын орналастыруға арналған.
#архив2025



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ЖӘНЕ КЕҢЕС КӨРСЕТІЛДІ

📍Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану» бойынша №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек және кеңес көрсетілді.
#архив2025



Жас зерттеушілер батыр тарихын зерттеуде

Тараз қаласындағы “Оқушылар сарайы” мектебінің 4-8 сынып оқушылары облыстық архивке келді.
📌 Келудегі басты мақсаты жамбылдық Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр майдангерлердің өмір тарихымен, көрсеткен ерліктерімен тереңірек танысып, зерттеу.
📌Анна Вальеревна бастаған үйірме оқушылары Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылған 8 майдангерлердің, архивте сақтаулы соғыс жылдары шыққан “Коммунист” газеті, Тараз қаласының тарихынан сыр шертетін фотоальбомдармен танысып, көптеген мәліметтер алды..
📌Жас зерттеушілердің өңір тарихына деген қызығушылығы артып, архив қызметкерлеріне алғыс білдірді.



«ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРІҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АРХИВІ» АЖ

«Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» бағдарламасы бойынша Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің қызметкері Э.Мирзаева жинақтау көзі тізіміндегі ЭҚБА АЖ енгізілген «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы», «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы», Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, «Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» мекемелерінің АЖ жауапты мамандарына ЭҚБА ақпараттық жүйесіне істер номенклатурасын енгізу бойынша көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.



АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВШІЛЕРІ – АРХИВТЕ!

Облыстық архивке іс-тәжірибе алмасу мақсатында Алматы облысының мемлекеттік архивінің Ведомстволық архивтермен жұмыс жасау және жинақтау бөлімінің басшысы А. Каримжанова, архивист А. Тастекеева, Жамбыл филиалының директоры Ж. Шалгинбаева, Ұйғыр филиалының архивисті И. Асқаров келді.
📍Оларға “Құжаттардың бірыңғай электронды архиві” ақпараттық жүйесімен, құжаттарды цифрлы форматқа көшіру, қабылдау, сақтау және жариялау бағыттарында атқарылып отырған жұмыстар таныстырылды.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ЖӘНЕ КЕҢЕС КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану» бойынша №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Жамбыл көлік прокуратурасына іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек және кеңес көрсетілді.