⚜️ “АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР, АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІН НЕМЕСЕ АРХИВТІК ҮЗІНДІЛЕР БЕРУ” МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ БОЙЫНША “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” ӨТТІ.

🔱 Архивтік анықтама беру мемлекеттік қызметі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” өткізілді.
📎 Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы бөлімінің бас маманы М.Жанабаева, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекетітк корпорациясы коммерциялық емес ақционерлік қоғамының Тараз қалалық бөлімдерінің бөлім басшылар мен мамандары, нотариалдық палата мамандары, адвокаттар кеңсесі және архив қызметкерлері қатысты.
✒️ Архив құжаттарын пайдалану бөлімінің басшысы Д.Джайшыбекова қызмет көрсетуді слайд арқылы түсіндіріп, өзара пікір алмасты.



⚜️ “ЛУГОВОЙ ЕҢ ІРІ АСТЫҚТЫ АУДАНҒА АЙНАЛҒАН ЕДІ” атты мақала жарық көрді.

🔱 Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің архивисті Ә.Баққараұлының “Луговой ең ірі астық ауданға айналған еді” атты мақаласы Жамбыл облыстық “Арай” газетінің №54 санына жарық көрді.
Мақалада қазіргі Т.Рысқұлов ауданы сол кездегі Луговой ауданының архивтік құжаттарға негізделген тарихы баяндалған.
#архив2025



📌ХАБАРЛАНДЫРУ! 📍

“Жамбыл облысының мемлекеттік архиві” коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың 23 шілде күні “Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру” туралы мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бойынша “АШЫҚ ЕСІК” күні өтетіндігін хабарлайды. 🔍 Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Абай даңғылы 125А. 📞 Байланыс телефондары: 8 (7262) 45 32 75, 43 15 61.




ҚОРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Комиссия мүшелері №9 қор Әулиеата аудандық кәсіби кеңестің құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілді.



“САЛАНЫҢ СЕРПІНДІ ДАМУЫНА ШОЛУ” АТТЫ МАҚАЛА ЖАРЫҚ КӨРДІ.

Республика көлемінде шығарылатын “Құжат айналымы мәселелері” атты журналдың №6 санына мекеме директоры Л.Кожаханованың облыстық архивтің тарихы, атқаратын қызметінен хабар беретін “САЛАНЫҢ СЕРПІНДІ ДАМУЫНА ШОЛУ” атты мақаласы жарық көрді.
#архив2025



«ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Қазіргі қоғамдағы қауіпті күшке ие ол террористік және экстремистік іс-әрекеттер. Ол бейбіт өмірдің тыныштығын бұзып қана қоймай, мемлекетке де зиянын тигізеді.
Осындай террористік актілер, зорлық-зомбылық, діни алауыздық пен қайшылық, түсінбеушілік пен адасушылықтан, экстремистік іс-әрекеттерден сақтану мақсатында мекемеге «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» ақпараттық-түсіндіру бөлімінің инспекторы Атамқұлов Батырбек Керімбайұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
#архив2025



ҚОРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Комиссия мүшелері облыстық архив сақтауындағы №8 Әулиеата аудандық қаржы бөлімінің құжаттарына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
#архив2025