⚜️ “АРХИВТІК ІСТЕРДІ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰЖАТТАМАЛАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ” ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-САБАҚ ӨТТІ.
Тамыз айының 9-жұлдызы күні Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде «Архивтік істерді және басқа да құжаттамаларды техникалық өңдеу» тақырыбында семинар-сабақ өтті.
Семинарға мамандандырылған ауданаралық соттардың және аудандық соттардың архивке жауапты мамандары, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің Ұлтттық архив қорын толықтыру бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Семинарда Ұлтттық архив қорын толықтыру бөлімінің бас сарапшысы Д.Атышева семинар тақырыбына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар соңында аталмыш мәселе бойынша сұрақтар қойылып, қызу талқыға салынды.