ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Е.Ш. ҚАРАШӨКЕЕВТІҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ




«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану»

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану тақырыбы бойынша Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бөлімдер арасындағы тәжірбие алмасу мақсатында семинар-сабағын өткізді. Семинар барысында архив қызметкерлері аталмыш мәселені қызу талқыға салып, сұрақтар қойылды.




«Архив және болашақ ұрпақ»

21.09.2023 жылы «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Сарысу ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері «Архив-халық мұрасы»тақырыбында ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға аудандық «Сарысу» газетінің тілшісі С.Есқараев, Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі С.Қашманбетова мен 11-сынып оқушылары және Сарысу ауданының «№11 колледжінің» мұғалімі С.Елеуқұлов пен студенттері қатысты. «Ұлы өнердің ұлағатты тұлғалары» тақырыбында А.Ашимовтың және И.Жақановтың архивтік құжаттары негізінде көрме жасалып, архивист М.Акмолдаева таныстырды. Көне латын тіліндегі құжаттар бойынша М.Абилова түсіндірме жасады. Заманауи жылжымалы сөрелер орнатылған архивтік қоймаға экскурсия жасалып, қағаз құжаттарды шаңнан арылту жұмыстарын А.Башенова көрсетті. Қағаз негізіндегі құжаттарды ЭЦФ көшіру жұмыстарымен А.Темирова таныстырды.

HHFO8763




«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Архив- тұнған тарих» атты ашық есік күні және латын тіліндегі құжаттар көрмесі өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің 2022 жылғы 26 тамыздағы Архив мекемелерімен республикалық кеңесі хаттамасының 4-тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, 21.09.2023 жылы «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында «Архив- тұнған тарих» атты ашық есік күні және латын тіліндегі құжаттар көрмесі өтті.




ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ш.Ш. Уәлиханов атындығы Тарих және этнология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасында бірлесе қызмет атқар у мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.




«АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Жамбыл облысы мемлекеттік архиві «Ерлік» мемориалдық кешенінің «Даңқ» залында Мәдениет және спорт Министрлігінің бастамасымен «АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» атты республикалық ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №36 және 35 орта мектептің 7-9 сынып оқушылары, «Парасат» колледжінің 1-курс студенттері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих» факультетінің 1-курс студенттері және БАҚ өкілдері барлығы 98 көрермен қатысты.
Іс-шарада Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің атқаратын қызметі туралы қамтылған ақпараттық стенді, мәдениет саласына еңбегі сіңген ардагерлер мен зиялы тұлғалардың жеке тектік құжаттары негізінде «Жамбыл облысының мәдениет қайраткерлері» атты көрме, Ленинград заң институына қатысты облыстық архивте сақтаулы архивтік құжаттар, 1945 жылғы «Коммунист» газет тігінділері, соғыс жылдары Жамбыл жеріне эвакуацияланғандар жөніндегі мәліметтер, 1941 жылы маусым айында, Бас қолбасшының бұйрығы бойынша 105 дербес ұлттық атты әскер дивизиясы, 81 гвардиялық атты әскер дивизиясы, 678 жеке атқыштар батальоны, дербес инженерлік құрылыс батальоны, газсыздандыру отряды, 5 теміржол ротасы, 1914, 1913 және 1919 жұмысшы батальондарының жасақталуы жөнінде ақпараттар қамтылған көрмелер ұйымдастырылды.