“АҚТАРЫЛҒАН АРХИВ, ТАСҚА БАСЫЛҒАН ТАРИХ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ

«Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен “АҚТАРЫЛҒАН АРХИВ, ТАСҚА БАСЫЛҒАН ТАРИХ” атты жоба бастау алды.
Кітапхана қызметкеріне Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ж.Есентаева Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің құрылу және даму жолының тарихы мен қызметі, Әулиеата уезі кезіндегі архивтік құжаттардың түпнұсқасын, құжат негізінде жарық көрген кітаптар және газеттер қоры туралы ақпарат беріліп, таныстырылды.



Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті Ә.Баққараұлының «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты архив құжаттарына негізделген мақаласы облыстық «AQ-JOL» газетінің №17 (19433) (10.02.2024 ж) санында жарық көрді.




Бүгін Алматыда архив қызметкерлеріне арналған «Архив қорларын жинақтау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу» тақырыбында өңірлік семинар өтті.

Бүгін Алматыда архив қызметкерлеріне арналған «Архив қорларын жинақтау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу» тақырыбында өңірлік семинар өтті.
Семинар шеңберінде архив қорларын сапалы жинақтау, Ұлттық архив қорының құрамына құжаттарды жатқызу бойынша өлшемшарттарды қолдану, мемлекеттік есепке алуды жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінде мәселелерді талқыланды.
Сондай-ақ екі секция бойынша жоспарланған тақырыптық алаңда архившілер архивтік құжаттарды жинақтау және есепке алу жөніндегі заңнама нормаларын және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іс жүзінде қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.



СЕМИНАР-САБАҚ

Жоспар бойынша 01.02.2024 жылы архив қызметкерлеріне “Ұлттық архив қоры және архивтер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылы 22-желтоқсанда бекітілген № 326-ІІ заңы бойынша сабақ өткізілді.



ҚОРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Жамбыл облыстық архив сақтауындағы қалалық денсаулық сақтау мекемесі мен облыстық білім беру басқармасының құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілді.




“АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ” ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

Архив саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, бүгінде ардагерлер қатарына қосылған Башенова Қалдыкүл Икрамханқызы “Архив саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
Туған күнімен тұспа-тұс келген төсбелгі иегеріне ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, айналаңыз қуаныш пен шаттыққа тола берсін демекпіз!!! Марапатыңыз құтты болсын!
Ізгі тілекпен: Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы



ЕЛ СЫЙЛАҒАН ЕР

Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына – 112 жыл.
Қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматы Д.Қонаевтың ел аузында жүрген дана сөздері:
1. Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
2. Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын.
3. Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
4. Панам да – ел, данам да – ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.
5. Жалада шындық болмайды
6. Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.
7. Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте 8. Сенім — құдіретті күш: тауды да қозғайды.
9. Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.
10. Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.