ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің есепшісі Оспанова Райхан Имашовна архив саласына әлеуметтік-экономикалық үлес қосқаны үшін Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапатты Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Е.Жүнісбай табыстады.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлы технологиялар басқармасы» КММ іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КИНЕМАТОГРАФИЯ ТАРИХЫ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА

Кино желілері Жамбыл облысында қалай пайда болды деген сауалға жауапты облыстық мемлекеттік архивтің құжаттарынан көрдік. 1952 жылы СССР Министрлер кеңесінің «Кино өндірісін дамыту барысы» Қаулысы негізінде соңғы 3 жыл мерзімде кино желілеріне арналған 25 жаңа автомашина алды. Жуалы ауданына 1951 жылы 15 кино желісі беріліп, соның нәтижесінде көрермендер саны 40 мыңға артты. Сол сияқты Қордай, Сарысу, Жамбыл және Луговой аудандарының кинофикация салалары жақсы жұмыс істеді.
🔹 Колхозшыларға Совет киносының үздік фильмдері «Кубань казактары», «Мичурин», «Берлиннің құлауы» сынды документалды және ауыл шаруашылығына қатысты фильмдерге сұраныс мол болды.
🔸 Жалпы Жамбыл облысының кино өнерінде сонау 30 жылдардан түсірілген кино бейнелер бар. 40 жылдары Ресейдің атақты Мосфильм ұжымының Алматыға қоныс аударуы бұл салаға түрткі болды. Онда бірнеше фильмдер дүниеге келді оның Жамбыл облысы аумағында түсірілгені бар. Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде кино өндірісіне байланысты көрме ұйымдастырды. Онда Кинематоргафия тарихына байланысты қойылған құжаттар көрмеге келушілердің қызығушылығын тудырды.



АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АРХИВТІК КӨРМЕ

1-наурыз Алғыс айту күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен “Көне Тараз” тарихи-этномәдени кешеніндегі “Достық” үйінде кең көлемде іс-шара ұйымдастырылды.
🔹 Іс-шараға Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің сақтауындағы архив құжаттары негізінде “Жамбыл облысына күштеп жер аударылғандар: архив құжаттарында ” атты тақырыпта көрме келген қонақтарға таныстырылды.
🔸 Құжаттар көрмесіне архивте сақтаулы облыстық партия комитеті, облыстық атқару комитеті жанындағы арнайы эвакуацияланғандар бөлімінің құжаттары, соғыс жылдары Солтүстік Кавказдан Қазақстанға, Жамбыл жеріне жер аударылған шешен-ингуш ұлттары туралы, 1946 жылғы балалар үйіндегі поляк ұлты балаларының тізімі, эвакуацияланған коммунистердің тізімі, Харьков қаласынан эвакуацияланған отбасылар мен жер аударылғандарды аудандарға бөлу туралы, 1943 жылы Қордай ауданына эвакуацияланғандарды жұмысқа орналастыру туралы құжаттар қойылды.



Алғыс айту күніне арналған ҚР МАМ бастамасымен «Арайлы Атамекенім» атты челленджді қабылдадық!

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады. Осы сәттен бастап еліміздің қоғамдық саяси өмірінде 1 наурыз – Алғыс айту күні ретінде мереке болып енді.
Алғыс айту күні, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Мерекеміз мерейлі болсын, баршаңызды осы мейрам күнімен құттықтаймын!
♦️ Құрметпен, Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Кожаханова Лаззат Серікбекқызы.
#АрайлыАтамекенім



Облыстық архивінің қызметкерлері сейсможаттығудан өтті




ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архив қорында өңіріміздің тарихына қатысты құнды құжаттар сақтаулы. Сол құжаттарды жарыққа шығарып, көпшілік оқырманға жеткізу архив қызметкерлерінің жұмысы.
Жас зерттеушілерді архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге тарту, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру, «архивист» мамандығының маңыздылығын, әрі өскелең ұрпақты ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту басты мақсат саналады.
Осы ретте архив құжаттарын зерделеп, зерттеп жүрген жас ғылым өкілдері жетекшілерімен бірге облыстық архивте бас қосты.
Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 10 «ә» сынып оқушысы Бекенова Жанерке өзінің жетекшісі Шартықбаева Гаухар Кеулимжановнамен бірге «Жамбылдық жауынгерлердің еленбей қалған ерліктері» атты тақырыпта ғылыми жұмысын жасап, республика деңгейіне шықты.
Сонымен қатар, тарихшы, өлкетанушы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Күзембай Байбосыновтың өмір жолы мен атқарған қызметі туралы зерттеп жүрген М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Көбесова Ақнұр Смаилқызы «К.Байбосыновтың өмірі мен шығармашылығы» атты тақырыпта жазылған мақаласы республикалық журналға жарық көрді.
Дөңгелек үстел басында К.Байбосыновтың шығармашылығына тоқталып, студенттерге еңбегі, архивтен алған ақпараттары туралы өз ойымен бөлісті.
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 10 «ә» сынып оқушысы Бекенова Жанерке өз сөзінде:
– «Ғылыми жобамның мақсаты архив деректеріне сүйене отырып, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылса да иеленбей қалған жамбылдық жауынгердің ерліктерін жан-жақты зерттеу, жерлестеріміздің ерліктерін насихаттау болып табылады» – деді.
Зерттеудің деректік негізін ғылыми жоба жазу барысында ең бірінші Жамбыл облыстық архив құжаттарына, мұндағы Жамбыл облыстық партия комитетінің және Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің Орталық архивінің «Халық жады» атты сайтына сүйенген. Жас зерттеушіге жетекшісі мен қатар архив қызметкерлері де өз ақпараттары мен бағыт-бағдарларын ұсына отырып, жан-жақты көмек берді.
Іс-шарада өлкетанушы, зерттеуші К.Байбосыновтан тәлім алған, бүгінде Тараз қаласы мемлекеттік архивінің директоры Серікбаев Нұрхат Тіріболсынұлы да қатысып, ұстазы мен археология саласы жөнінде естеліктерімен бөлісті.