🔱МҰРА ИНСТИТУТТАРЫ ҚОҒАМДЫ ОРНЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АРХИВШІЛЕРІНІҢ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ

📌 Алматы қаласында 2-4 қазан күндері «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты тақырыпта Қазақстан архившілерінің II халықаралық Конгресі өтуде.
📍 Іс-шара барысында өзгермелі климат жағдайындағы архивтеудегі қиындықтарды жеңу, мұра институттары және қоғамның тарихи жадын қалыптастыру тақырыптары аясында өрбіп, баяндамалар оқылды.
✒️ Конгреске Өзбекстан, Қытай, Ресей секілді алыс-жақын шет мемлекеттердің азаматтары мен қатар, өңірлік архив басшылары мен мамандары, облыстық архивтің автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру бөлімінің басшысы А.Қыстаубай қатысты.
#архив2025



“АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ” ЖОБА АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Мәдениет және ақпарат Министрлігінің бастамасымен 2022 жылы «Балалар жылына» орай «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жобасы бастау алған болатын. Игі дәстүр биыл да жалғасын тапты.
📌 Жобаның мақсаты архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге оқушыларды, студенттерді, жас зерттеушілерді кеңінен тарту, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.
✒️ Отанға деген патриоттық сезімін ояту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру, «архивист» мамандығының маңыздылығы мен қызығушылықты арттыру, өскелең ұрапқты ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.
📍Биыл «Архив және болашақ ұрпақ» ашық есік күніне орай «Қайта жаңғырған тарих: зұлмат жылдар халық жадынан өшпейді» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
🔖Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы басшысы Руслан Маскауович, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қ.Дәурембеков, журналист Е.Әбдиев, Тараз қалалық мемлекеттік архивінің директоры Н.Серікбаев, облыстық архив директоры мен бөлім басшылары, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының тарихшы-ғалымдары мен студенттері қатысты.
🧷Дөңгелек үстел барысында 2020 жылдың 24 қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын – сүргінге ұшыраған азаматтарымызды одан әрі ақтап, жазықсыз жазаланған жандарды нақтылап, тарих алдында ақ – қарасын айқындау мақсатында құрылған өңірлік комиссиялар жұмысы таныстырылды.
📎Шара соңында облыстық архив сақтауындағы ашаршылық, ұжымдастыру, тәркілеу, депортация, әскери тұтқындарға қатысты құжаттық негізде көрме көпшілікке таныстырылды.
#архив2025




Хабарландыру!




ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ.

Мекемеге Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Бабаев Ибраим Алимханович пен Мемлекеттік саясат және нормативтік құқықтық реттеу басқармасының бас сарапшысы Несипбаев Асет Сарсенович арнайы ат басын бұрып, архивтің тыныс-тіршілігімен танысты.
🔍 Келген қонақтарға құжаттарды цифрлы форматқа көшіру, құжаттарды сақтайтын қойма, құжаттарды қабылдау жолдары мен ғимараттың жай-күйі таныстырылды.
#архив2025



📚 Аудандық әріптестермен тәжірибе алмасу

📌Архив құжаттарын пайдалану бөлімінің басшысы Д.Джайшыбекова Сарысу аудандық мемлекеттік архивінде іс-сапарда болып, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бағытында аудандық әріптестерімен тәжірбие алмасты.
#архив2025



⚜️ “АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА БЕРУ ТӘРТІБІ” ТУРАЛЫ СЕМИНАР-САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

📌 Облыстық архивтің бөлімдер арасында өзара тәжірбие алмасу мен біліктілікті көтеру мақсатында семинар-сабақтар ұйымдастырылып отырады.
📍 Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімі “Архив құжаттарын пайдаланушыларға беру тәртібі” атты тақырыпта семинар-сабақ өтті.
🔍 Семинар-сабақта құжаттарды цифрлы форматқа өткізу кезінде оны дайындау мен тексеру жұмыстары, зерттеушілерге, мекеме қызметкерлеріне құжаттарды беру тәртібі түсіндірілді.
#архив2025



«МАҚҰЛБЕК РЫСДӘУЛЕТ – ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР, ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХШЫ, ӨРЕЛІ ӨЛКЕТАНУШЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРБИЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Қарымды қаламгер, жазушы-журналист, өлкетанушы, архив саласының ардагері Мақұлбек Рысдәулеттің туғанына 75 жыл толуына орай тұлғаны еске алуға арналған «Мақұлбек Рысдәулет – қарымды қаламгер, тағылымды тарихшы, өрелі өлкетанушы» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.
Конференцияға облысымыздың бір топ зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, замандас достары, бірге оқыған курстастары, қызмет жасаған әріптестері мен үзенгілестері, көз көрген азаматтар қатысты.
Іс-шара барысында Мақұлбек Рысдәулеттің өмір жолы мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, естеліктерімен бөлісті.
Облыстық архивтің бөлім басшысы Ж.Есентаева «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» атты тақырыпта баяндама жасап, архив саласында атқарған еңбектеріне тоқталды.
Архив сақтауындағы Мақұлбек Рысдәулеттің жеке тектік құжаттарынан тұратын көрме ұйымдастырып, қонақтар назарына ұсынылды.
Шара соңында еске алу мақалалары, тұлғалық қасиетін ашатын ақпараттар, қаламгердің сұхбаттары мен зерттеу мақалаларынан тұратын «Өрелі сөзді өрнектеген» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болды.
#архив2025