Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру жұмыстары жүргізілуде

Мемлекеттік сақтаудағы архивтік қор құжаттарына кезектен тыс “Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру” жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға 12 (19,21,24,25,26,27,28,29,30,31,32,40) қор тексерілді.




АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ?

       Архив құжаттарын пайдалану бөлімі мамандарымен архив ұжымына “Архивтік анықтамаларды қалай онлайн алуға болады? ” тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
       Мемлекеттік қызметтің онлайн форматта қалай жүргізілетіне тоқтала отырып, www.egov.kz электронды үкімет веп-порталы арқылы өтініш берудің реттілігі тілге тиек етіліп түсіндірілді. Сонымен қатар бұл қызмет “Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” жүйесі арқылы да атқарылуда. Семинар барысында архив ұжымы аталмыш мәселені қызу талқыға салып, сұрақтар қойылды.



БҮГІН ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ , ОБЛЫСТЫҚ АРХИВ ДИРЕКТОРЫ КӨСЕМӘЛІ СӘТТІБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ!!!

         Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
        Құрметпен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

           Мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік Бюро» КММ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы, “Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының “Оңтүстікгеодезия” филиалы «Жамбылгеодезия» филиалы ШЖҚ РМК, Жамбыл облысы әкімідігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ағымдағы жылдың 31-ші қаңтарында іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

            Мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық- музейі» РМҚК ағымдағы жылдың 26-27 қаңтарында іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



“Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру” жұмыстары жүргізілуде

Мемлекеттік сақтаудағы архивтік қор құжаттарына кезектен тыс “Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру” жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға 12 (8,10,33,34,35,36,37,38,43,45,46,51) қор тексерілді.




“Археография” тақырыбында семинар сабақ

Архив құжаттарын жариялау бөлімі архив ұжымына “Археография” тақырыбында біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында семинар сабақ өткізді