1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған “Алғысым шексіз” атты челлендж

1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған “Алғысым шексіз” атты челленджді Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінен қабыл алып, Облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясына жолдаймыз.
Жамбыл Облысы Əкімдігінің Мəдениет Басқармасы
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы
#алғысымызшексіз #algysymyzsheksiz




“Өзіме өзім патшамын өз жерімде” атты мақаласы жарияланды.

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 25.02.2023 жылғы №23 санына жазушы, журналист, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлының ақын Сәт Мәлібекұлы жайлы “Өзіме өзім патшамын өз жерімде” атты мақаласы жарияланды.




“Жамбыл ауданы қалай құрылды” атты мақала жарияланды

Жамбыл облыстық «Арай» газетінің 24.02.2023 жылғы №15 санына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті, журналист Әділбек Баққараұлының “Жамбыл ауданы қалай құрылды” атты мақаласы жарияланды.




СЕМИНАР-САБАҚ

        Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес жинақтау көзі тізіміндегі «Е-архив» бағдарламасы орнатылған мекемелерге «Құжаттардың электронды біріңғай архиві» ақпараттық жүйесі бағдарламасымен жұмыс жасау тәртібі бойынша семинар-сабақ өткізді.



“Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” ақпараттық жүйесі тақырыбы бойынша семинар-сабақ

      Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде “Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есебін жүргізу” бөлімі семинар сабақ өткізді.
      Семинар-сабақта күн тәртібіндегі бірнеше өзекті мәселе қарастырылды. Бірінші болып архивтік құжаттарды электронды нұсқаға көшіруге даярлық жұмыстары баяндалса, соңынан архивтік құжаттарды “”Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” ақпараттық жүйесі” енгізу туралы тілге тиек етілді.



“”БҰҚАРА ОДАҒЫ” ЖӘНЕ ҚАБЫЛБЕК САРЫМОЛДАЕВ”

        Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 21.02.2023 жылғы №21 санына жазушы, журналист, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлының “”Бұқара одағы” және Қабылбек Сарымолдаев” атты мақаласы жарияланды.
       17 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Орталық мемлекеттік архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Түркі-қазақ болашағы үшін күрес және Қабылбек Сарымолдаев» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Дәл осы аталмыш конференцияда қоғам қайраткері, жазушы-журналист Көсемәлі Сәттібайұлы “Бұқара одағы және Қабылбек Сармолдаев” атты тақырыпта баяндамасын оқыды.
        Айта кетейік, конференцияны ұйымдастырып, жалынды жерлесіміздің мұрасын жеке кітап етіп шығарған Орталық мемлекеттік архив ұжымына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Құттықтау хаты табыс етілді.



Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру жұмыстары жүргізілуде

Мемлекеттік сақтаудағы архивтік қор құжаттарына кезектен тыс “Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру” жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға 14(42,54,55,56,57,59,60,61,62,63,65,66,67,69) қор тексерілді.