Әділбек Баққараұлының “Өткен күнде белгі бар” атты кітабының жарыққа шығуына орай мақаласы жарияланды

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 16.03.2023 жылғы №30 санына Есет Жаңабайұлының Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті, журналист Әділбек Баққараұлының “Өткен күнде белгі бар” атты кітабының жарыққа шығуына орай мақаласы жарияланды.




Құжаттардың жай-күйін тексеру жұмыстары

        Комиссия мүшелері тексеріс барысында “Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті” №7 қор құжаттарының №2 тізімдемесіндегі №190-200 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.




ҚБЭА АЖ бойынша жұмыстар жалғасын табуда

     “Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” ақпараттық жүйесіне (ҚБЭА АЖ) енгізілген қорлар мен істерді тексеру барысы.
  



ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

        Басқарма басшысы Ерлан Жүнісбай Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлын зейнет жасына шығуымен құттықтап, алғыс білдірді.
        Құттықтау рәсіміне мекеме қызметкерлері де қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.



8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай басқармаға қарасты мекеме аруларын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды

        Көктемдей құлпырған нәзікжандыларымызға облыс әкімінің және басқарма басшысының арнайы алғыс хаты табыс етіліп, жылы тілек-лебіздер арналды.
        Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мамандары Дариға Қадырханқызы және Науат Дәуренбекқызы да еліміздің өркендеуіне қосып жүрген үлестері үшін аталмыш марапатқа иеленді.
Мереке құтты болсын!

 




СЕНБІЛІК-ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ




“ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАРИХЫНДАҒЫ НЕМІСТЕР” атты дөңгелек үстел

         1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде «Жамбыл облысы тарихындағы немістер» атты құжаттар көрмесі ұйымдастырылып, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің “Тарих және география” факультетінің студенттерін дөңгелек үстел басына шақырды.
Бұл іс-шараның мақсаты архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге жастарды кеңінен тарта отырып, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру. Отанға деген патриоттық сезімін ояту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру, «архивист» мамандығының маңыздылығы мен қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақты ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.