«Палеография» тақырыбы бойынша семинар-сабақ

Архив құжаттарын жариялау бөлімі архивтегі бөлімдер арасындағы тәжірибе алмасу мақсатында семинар-сабақ өткізді. Бүгінгі сабақ «Палеография» тақырыбы бойынша және оның архивтегі орны туралы өткен болатын. Семинарда архив қызметкерлеріне палеограф маманның атқаратын міндеті және палеография ғылымының тарихы тілге тиек етілді.




САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ




«Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтауы, есепке алу мен пайдалану тәртібі» тақырыбы бойынша семинар-сабақ

Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі архивтегі бөлімдер арасындағы тәжірибе алмасу мақсатында семинар-сабағын өткізді. Бүгінгі сабақ «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтауы, есепке алу мен пайдалану тәртібі» тақырыбы бойынша өтті. Семинарда архив қызметкерлеріне архивтегі құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу тәртібі түсіндірілді.

 




ОБЛЫСТЫҚ АРХИВКЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР КЕЛДІ

        Қожаханова Лаззат Серікбекқызы Жамбыл облысы мемлекеттік архивіне директор қызметіне тағайындалды . Облыстық архив ұжымына облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.



Тыныс алу құралдарын дұрыс қолдану

       “Азаматтық қорғау құрылымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы” ҚР ІІМ 2015 жылғы 23 сәуірдегі №387 бұйрығының 22-тармағына сәйкес, азаматтық қорғау құрылымының әрбір мүшесі тыныс алу органдарын қорғау құралдарын (жеке қорғану құралдары ГП-2, жеке қорғану костюмдері) дұрыс қолдану туралы жаттығу өткізілді.



Наурыз – жаңарудың, жаңғырудың мерекесі!

        Міне, көктемнің ең шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы да келіп жетті. Тіршілік атаулының оянып, табиғаттың жандана бастаған сәті. Күн мен түннің теңесіп жыл басы болып саналатын Ұлыстың ұлы күні ертеден тойланып, ата-бабамыздан қалған мереке болып табылады. Әр үйге жаңа үміт пен қуаныш сыйлаған бұл мерекенің қазақстандықтар үшін орны ерекше.
       Наурыз мерекесі – береке мен шаттықтың бастауы болып табылады. Наурыз көптеген түркі халықтарының ұлық мейрамы, жыл басы.
       Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Біздің елімізде дана және салиқалы мемлекеттік саясаттың арқасында халықтар арасындағы бейбітшілік, достық пен өзара түсіністік орнады. Бұл тамаша көктем мерекесі достық, өзара құрмет пен түсіністіктіктің символына айналғандай. «Жаңа Күн» деген мағынаны білдіретін бұл мейрам, өмірлеріңізге жаңа бақыт пен денсаулық, күш пен тыныс, жаңа мүмкіндіктер сыйлай берсін. Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!




Архив қызметкерлері сайлауда белсенді