СЕМИНАР-САБАҚ

 
Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес, облыстық архивтің жинақтау көзіндегі мекемелерге «Электронды құжатайналым, электронды құжаттарды қалыптастыру, есепке алу, мемлекеттік сақтауға тапсыру тәртібі» бойынша семинар өткізді.



АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ОНЛАЙН АЛУҒА БОЛАДЫ?

       Архив құжаттарын пайдалану бөлімі мамандарымен архив ұжымына “Архивтік анықтамаларды қалай онлайн алуға болады? ” тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
       Мемлекеттік қызметтің онлайн форматта қалай жүргізілетіне тоқтала отырып, www.egov.kz электронды үкімет веп-порталы арқылы өтініш берудің реттілігі тілге тиек етіліп түсіндірілді. Сонымен қатар бұл қызмет “Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві” жүйесі арқылы да атқарылуда.
Семинар барысында архив ұжымы аталмыш мәселені қызу талқыға салып, сұрақтар қойылды.



АРХИВТЕ АҒЫМДАҒЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары С.Мадиева, бөлім басшысы А.Кисикова, архив директорлары, бас есепші, бағдарламашы, архивист қызметкерлерінің қатыуымен жиналыс өткізілді. Жиналыста бұйрық рәсімдеу, қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру тәртібі бойынша Жамбыл облыстық мемлекеттік архив директорының орынбасары А.Тыныбекова түсіндірме жасады. « Құжаттарды бірыңғай электрондық архиві » ақпараттық жүйе жұмысына талдау жүргізу бойынша Тараз қалалық және Байзақ, Жамбыл, Жуалы,Талас аудандарының архив директорлары есеп берді.



“МӘДЕНИЕТ КҮНІ” ЖУАЛЫНЫҢ ТӨРІНДЕ ТОЙЛАНДЫ

 




9 мамыр – Жеңіс күні




«Сканерлеу» тақырыбы бойынша семинар сабақ

Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру бөлімі “Сканер және оның тарихы” атты семинар сабақ өткізді.



ДЫБЫСТЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗУ

Жамбыл облысының мемлекеттік архиві Ұлттық архив қоры құжаттарының қор құрамы мен көлемін, деректер жиынтығын «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне енгізу көзделген. Осыған орай мемлекеттік сақтаудағы дыбыстық құжаттардың статистикалық есебін нақтылай отырып, техникалық тексеруден өткізу жоспарланып отыр. Техникалық тексеруден өткізу, электрондық нұсқаға көшіру – заман талабы.