ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТЕ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ

📌Құжаттарды сақтап, оларды келешек ұрпаққа жеткізуші киелі қара шаңырақ саналатын Жамбыл облысы мемлекеттік архивіне Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Архив және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Бораш Қуат Қаһарманұлы арнайы ат басын бұрып, архившілердің тыныс-тіршілігімен танысты.
📌Комитет төрағасына алдымен облыстық архив туралы жалпы ақпарат беріліп, атқарылып жатқан жұмыстар баян етілді.
📌Саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты тәркілеу, ашаршылық, ұжымдастыру науқандарына қатысты құжаттар, мекеме қызметкерлері шығарған кітаптар, құжаттарды сканерден өткізу мен “Құжаттардың бірыңғай электронды архиві” ақпараттық жүйесіінің жұмыстары көрсетілді.



«ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРІҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АРХИВІ» АЖ

          «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» бағдарламасын бойынша Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі бөлімдер арасындағы тәжірбие алмасу мақсатында семинар-сабағын өткізді. Семинар барысында архив қызметкерлері аталмыш мәселені қызу талқыға салып, сұрақтар қойылды.
 



АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ЗЕРДЕЛЕУ

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Л.Қожаханова мен орынбасары А.Тыныбекова “Архив құжаттарын пайдалану” бөлімінің – архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру жұмысын зерделеп, жетілдіруді тапсырды.



САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАҚТАЛЫП ЖАТҚАН “ХАЛЫҚ ЖАДЫ” ЖӘНЕ “ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫНДА” АТТЫ ҚОС ЖИНАҚ КІШІ ЖҰМЫСШЫ ТОП МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ




«ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС-ҚОҒАМ МІНДЕТІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жемқорлыққа қарсы күрес-қоғам міндеті» атты тақырыпта дөнгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің жетекші маманы- Ажибаев Айбек архив қызметкерлеріне жемқорлықпен күресудің жолдарын түсіндірді.
Жемқорлық орын алған жағдайда заң органдарына хабарлап, тиісті инструкция бойынша әрекет етудің жолын айтып, мемлекеттік қызметкерлер арасында пара бергенде және оны алғанда қатаң жазаға тартылатындығын еске салды. жемқорлық жөнінде слайд көрсетілді.



АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ

Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау кезінде құжаттардың физикалық,санитариялық-гигиеналық,техникалық жай-күйіне және аса құнды жиынтықтылығына тексеру жүргізу Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мен мемлекеттік есебін жүргізу бөлімінің негізгі міндеті болып саналады.




Мемлекеттік сақтаудағы архивтік қор құжаттарына кезектен тыс “Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру” жұмыстары жүргізілуде