«Терроризм – бүгінгі ғасырдың дерті» атты дөңгелек үстел.

«Терроризм – бүгінгі ғасырдың дерті» атты дөңгелек үстел
29.07.2022 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл облыс әкімдігінің дін істері басқармасының» инспекторы Бабаханов Адувахид Абыдханұлының жетекшілігімен «Терроризм – бүгінгі ғасырдың дерті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел басында діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризмнің адамзат қоғамына шынайы қауіпі, олардың XXI ғасырдың анағұрлым өткір мәселелердің бірі екендігі тілге тиек етілді. Конфессияаралық келісім мен диалогты жетілдірудің, қоғамды, әсіресе жастардың санасын улаған діни экстремизм мен терроризмнен арашалап алудың жаңа тәсілдерін іздеу қажеттілігі жеткізілді. Аталмыш тақырыпта жиын барысында бейнеролик көрсетілді. Архив қызметкерлері әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
                                                       



АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ АРХИВТЕ.

АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ АРХИВТЕ
          Архивтер арасындағы өзара байланысты нығайту, іс-тәжірбие алмасу бағытында Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры міндетін атқарушы А.И.Тыныбекова, бас есепші М.Жақашбаева және Байзақ ауданының мемлекеттік архивінің инженер-бағдарламашысы Нұр-Сұлтан қаласында іс-сапарда болды.
Іс-сапар барысында Ұлттық архивтің қойма қорымен, “Құжаттардың бірыңғай электронды архиві” ақпараттық жүйесінің жұмыс барысымен, құжаттарды сканерлеу бағыттары бойынша жұмыстармен танысып, өзара тәжірбие алмасты.



САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР.

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР
Бүгін Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президент Архиві ұйымдастыруымен «ZOOM» форматы арқылы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде өзара тәжірбие алмасу және құпия құжаттарды жұмыс жүргізу» туралы жиналыс өткізілді.
Шараға Өңірлік комиссия басшылары мен жергілікті және прокуратура, Ішкі істер департаменттері, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі архив басшылары, Жамбыл облысы бойынша жұмысшы топ өкілдері қатысты.
Семинарда құжаттарды орталықтандыру мен оларды зерделеу бойынша жұмыс жүргізу мәселесі талқыланды. Өзара сұрақтар қойылып, пікір алмасты.



ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС АРХИВИСТЕРІНІҢ V ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС АРХИВИСТЕРІНІҢ V ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ
           Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен ынтымақтастықта жыл сайын ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған жазғы мектеп өткізеді. ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған дәстүрлі жазғы мектеп биыл 15-17 маусым аралығында бейнеконференция (онлайн) және оффлайн форматында өткізілуде.
Жас архивистер форумының алғашқы күні бойынша – Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанан қатысушылар бейнеконференцияға қатынады. Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері де бұл форумға қатысып, ауқымды ақпараттан хабардар болды.
Форумда архив саласы бойынша өзекті деген мәселелер тілге тиек болды.
ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС АРХИВИСТЕРІНІҢ V ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.
           Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бастамасымен қолға алынған жыл сайынғы ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған жазғы мектеп өз мәресіне жетті. Жас архивистердің білімділігі мен біліктілігін арттыртуға бағытталған дәстүрлі жазғы мектепке Жамбыл облысы мемлекеттік архивнің қызметкерлері онлайн форматта қатысқан болатын. Шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертифат табыс етіліп, облыстық архивтің қызметкерлері де ие болды.



САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ
           Жамбыл облысы мемлекетік архиві қызметкерлерінің өзара тәжірбие алмасу, әр бөлімнің атқарып отырған жұмыстарын білу мақсатында өткізіліп жүрген семинар-сабақтың бүгіңгі тақырыбы – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде өтті. Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің қызметкерлері 2021 жылдан бастап жүргізген жұмыстарына тоқталып, тақырыптың мәні мен маңыздылығын түсіндірді.
 



«Жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс» атты дөңгелек үстел.

«Жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс» атты дөңгелек үстел
                09.06.2022 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс» атты тақырыпта «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ажибаев Айбек дөңгелек үстел өткізілді.
               Жемқорлық орын алған жағдайда заң органдарына хабарлап, тиісті инструкция бойынша әрекет етудің жолын түсіндірді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында пара бергенде және оны алғанда қатаң жазаға тартылатындығын еске салды және нақты деректер мен дәйектер келтіре отырып әңгімеледі. Архив қызметкерлері дөңгелек үстел басындағы әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
                                                                             



РЕФЕРЕНДУМ – ӨЗГЕРІСКЕ БІР ҚАДАМ!

РЕФЕРЕНДУМ – ӨЗГЕРІСКЕ БІР ҚАДАМ
        Қазақстанның жарқын болашағы үшін, елдің ертеңін ойлап, Жаңа Қазақстанды жасампаздығы үшін жасалынған саяси науқанға Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан – жаңартылған Конституция 2022: өзгерістердің айқын 10 көрінісі» туралы республикалық референдумын бірауыздан қолдап, өз таңдауларын жасап, референдумға қатысты.