ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

         Мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» РММ, «AULIEATA-MEDIA» ЖШС, Жамбыл облыстық РадиоТелехабар Тарату Дирекциясы “Қазтелерадио” АҚ, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК ағымдағы жылдың 28-31-ші қазан аралығында іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



«ТАЛАС ТЫНЫСЫНАН» ТҮЛЕП ҰШҚАН ТҰЛҒА

         Белгілі жазушы, журналист, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлының ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталғаны «Талас тынысы» газетінің 2022 жылғы 28 қазандағы №78 санына жарияланды.
   



Көсемәлі Сәттібайұлы “Құрмет” орденімен марапатталды!

5 қазан – Республика күніне орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлы “Құрмет” орденімен марапатталды!
Құттықтаймыз💐



“ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУ” ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ

       Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде “Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есебін жүргізу” бөлімі семинар сабақ өткізді.
       Семинар-сабақта күн тәртібіндегі бірнеше өзекті мәселе қарастырылды. Бірінші болып архивтік құжаттарды электронды нұсқаға көшіруге даярлық жұмыстары баяндалса, соңынан архивтік құжаттарды “Электрондық құжаттардың бірыңғай ақпараттық жүйесіне” енгізу туралы тілге тиек етілді.



ІСТЕРДІ, ҚҰЖАТТАРДЫ АРХИВКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ

         Жамбыл облысының мемлекеттік архивіне құжаттарды қабылдау жыл сайын жүзеге асырылады.
Бүгін Жамбыл облысы Әділет департаментінің ведомстволық архивіндегі 1937-1946 жылдардағы туу туралы, некеге тұру, некені бұзу және қайтыс болғандарды есепке алу акт жазба кітаптары қабылдануда.



«АРХИВ ІСІ САЛАСЫНДА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ КУРСЫ

       Ағымдағы жылдың 13-14 қазан күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында оқу курсы өтуде.
      Жамбыл облысы мемлекеттік архиві тарапынан «Әлеуметтік- құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау» бөлімінің маманы Баян Қожанова аталмыш оқу курсына қатысуда. Оқу курсының мақсаты архив саласындағы мемлекеттік қызметтер және олардың атқарылуы және т.б. күн тәртібіндегі мәселер бойынша түсініктемелер мен бағыт-бағдар беру болып табылады.



6 ҚАЗАН – ЕСЕПШІЛЕР КҮНІ

        Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бас есепшісі Мәншүк Қалдыбайқызы Жақашбаева ҚР Есепшілер күніне орай жауапкершілігі үлкен есеп қызметіндегі жемісті еңбегі үшін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Жүнісбайдың Алғыс хатымен марапатталды.
Марапатты арнайы мекеме директоры, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы табыстады.