ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

        Мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық- музейі» РМҚК, «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының кеңсесі РММ, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы КММ, «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі ҚБ, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы ҚБ ағымдағы жылдың 11-шы қарашасында іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



«Архивті Қазақстан Республикасы үшін маңызы бар шетелдік архивтік құжаттармен немесе олардың төлнұсқа құқығындағы көшірмелерімен толықтыру» тақырыбында семинар-сабақ

        Жамбыл облысы мемлекетік архиві қызметкерлерінің өзара тәжірбие алмасу, әр бөлімнің атқарып отырған жұмыстарын білу мақсатында өткізіліп жүрген семинар-сабақтың бүгіңгі тақырыбы – Шетелдік архивтік қорлардағы құжаттар және ол құжаттардың көшірмелерін едімізің архивтеріне алып келу мәселесі аясында болды .
Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің қызметкерлері аталмыш тақырып бойынша жүргізген жұмыстарына тоқталып, тақырыптың мәні мен маңыздылығын түсіндірді.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

         Мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі Жамбыл облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты» КММ, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» КМҚК
ағымдағы жылдың 08-ші қарашасында іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



«Ақ жол» газетінің ардагерлері арнайы төсбелгімен марапатталды

          Кеңестік заманнан бүгінге дейін елдің мүддесін күйттеп, халықтың мұңын жырлап жүрген «Ақ жол» газетіне биыл бір ғасыр толып отыр. Ағымдағы жыл бойы газеттің 100 жылдық мерейтойына орай республикалық, облыстық деңгейде түрлі жиындар өткен болатын. Бүгінде жүз жылдыққа жүз адамға арналған «Ақ жол 100 жыл» төсбелгісі редакция ардагерлері мен қызметкерлеріне табысталған болатын. Белгілі жазушы, журналист, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлы және журналист, дәл сол облыстық архивте архивист болып табылатын Баққараұлы Әділбек сынды «Ақ жол» газетінің ардагерлері арнайы төсбелгімен марапатталды.
Еңбектеріңіз жана берсін!
#Ақжолгазетіне100жыл



«АРХИВ -ЕЛ ТАРИХЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

          Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және оның ішінде «Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің» ұйымдастыруымен «Архив – ел тарихының қазынасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Астанада өткен конференция «Шетелдегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау проблемалары мен перспективалары» тақырыбы ауқымындағы өзекті мәселелерді қарастырды.
Шара барысында белгілі болғандай, әлемнің 14 елінен Қазақстан тарихына қатысты 7000-нан астам құжат пен қолжазба сатып алынған. Олардың хронологиялық шеңбері 973 пен 1990 жылдар аралығын қамтиды. Конференцияда сол құжаттардың барлығын ғылыми айналымға енгізу мәселесі талқыланды.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі – Абаев Дәурен Әскербекұлы, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы – Қуат Қахарманұлы Борашев, Ұлттық архив, Орталық мемлекеттік архиві және облыстық мемлекеттік архив басшылары мен қызметкерлері қатысты.



Облыстық архивтің жинақтау көзіндегі департаменттер мен басқармаларға семинар-сабақ

        “Жамбыл облысының мемлекеттік архиві” КММ бекітілген жоспарға сәйкес облыстық архивтің жинақтау көзіндегі департаменттер мен басқармаларға 04.11.2022 жылы сағат 11:00-де «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану» сонымен қатар «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібі» тақырыбында семинар-сабақ өткізді.



АРХИВ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ӨТКІЗІЛГЕН КЕЗЕКТІ СЕМИНАР-САБАҚ

        Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің мамандары «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану» сонымен қатар «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібі» тақырыбында сабақ өткізді.