Бөлім арасындағы тәжірбие, ақпарат алмасу мақсатында өткізілетін оқу сабақтары жалғасуда. Бүгіңгі сабақ жеке тектік құжаттарға арналған.
Архив қорларының бір бөлігін құрайтын жеке тектік құжаттар өз деңгейінде құнды. Қазіргі таңда облыстық архив қорында 17 жеке тектік қор, 1374 сақтау бірлігі бар.
Кеңес үкіметі құлап, Тәуелсіз Қазақстан өз алдына ел болған шақта, қоғамда түрлі жетістіктерімен жетістікке жеткен тұлғалар шықты. Басым көпшілігі өз еңбегімен еленген айтулы тұлғалар.
Облыстық архивте ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Күләш Ахметова, Қазақстан Жазушылары және Журналистер Одағының мүшесі Арғынбай Бекбосын, Қазақстан Жазушылары және Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, мәдениет қайраткері, Мақұлбек Рысдәулет, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздігі, медицина ғылымдарының докторы, дәрігер-хирург, Сағындық Ордабеков, филология ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті абайтанушы, атақты ғалым Мекемтас Мырзахметұлы, кардиохирург ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, Сейітхан Жошыбаев, Жамбыл облысының тарихында алғашқы «Қазақстанның Еңбек Ері», айрықша ерекшелік белгі «Алтын жұлдыз» атағының иегері, фосфор өндірісінің ардагері Мұқаш Зұлқайнарұлы Ескендіров, Олимпиада чемпионы, 1-дәрежелі «Барыс» орденінің, Вэл Баркер кубогінің иегері Бахтияр Артаев, «Еуразия Барысы» Халықаралық турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев секілді тұлғалардың жеке тектік құжаттары сақтауда.