Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын облыстық архив қызметкерлері тыңдауда.




ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ РҮСТЕМ АЙДЫНБЕКОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ.




30-ТАМЫЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР КӨРМЕСІ

Қазіргі таңда халықаралық аренадағы, экономикадағы, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы қол жеткен оң жетістіктеріміздің барлығы мемлекеттігіміздің сара саясатын айқындап берген даңғыл жолымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алады.
Ата заңымыз мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер айшықты құжаты.
Міне, сол біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңға 28 жыл толып отыр.
Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихы да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам бас¬ты.
Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Баласағұн» мәдениет сарайында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті архивінің бірінші санатты архивисті Тәжібаева Бекзат Тоқанқызы мен сарапшы Дүйсенова Гүлжан Нұржұманқызы арнайы шақырылды. Президент архивінің қызметкерлері өз тарапынан Ата заңымызға қатысты архивтік құжаттардан тұратын көрме ұйымдастырып, Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітов бастаған зиялы қауым өкілдеріне түсіндірме жұмысын жүргізді.
Көрменің тақырыптық-экспозициялық жоспары 1993-2000 жылдарға арналған 20 экспонатты біріктіреді. Экспонаттар архивтік құжаттардың, фотосуреттердің көшірмелері түрінде ұсынылған. Барлық экспонаттар тақырыптық-экспозициялық жоспарда хронологиялық тәртіпте, қысқаша аннотациямен көрсетілген.



ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Мекеме сақтауындағы №209, №215, №220 қорларға кезекті тексеру жұмыстары жүргізілді. Құжаттардың бар болуы мен жай-күйі тексерілді.




ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ МКК, «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық тарихи- өлкетану музейі» КМҚК, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



“БАСПА ІСІНІҢ ТАРИХЫ” ТУРАЛЫ СЕМИНАР-САБАҚ

Облыстық архив қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыру, бөлімдер арасында тәжірбие алмасу мақсатында “Архив құжаттарын жариялау” бөлімі “БАСПА ІСІНІҢ ТАРИХЫ” атты семинар-сабақ өткізді.
Семинар-сабақта баспа ісінің пайда болу мен дамуы, алғашқы кезеңдері мен қазақ баспасының тарихы туралы слайд көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



“ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМ – ЗАМАНАУИ ӨРКЕНИЕТТІҢ БАСТЫ ҚАУІП-ҚАТЕРІ” АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

       Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің мәжіліс залында архив қызметкерлеріне экстремизм, терроризм туралы түсінікті қалыптастыру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын түсіндіру, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатушылыққа жол бермеу мен бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгілік жөнінде ой қозғалған “ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМ – ЗАМАНАУИ ӨРКЕНИЕТТІҢ БАСТЫ ҚАУІП-ҚАТЕРІ” атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
       Дөңгелек үстелге “Дін проблемаларын зерттеу орталығының” ақпараттық-түсіндіру бөлімінің инспекторы Атамқұлов батырбек Керімбайұлы арнайы шақыртылып, терроризм мен экстремизмнің қауіп-қатері жөнінде айтылды.