АУДАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КЕЗЕКТІ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТТІ

image_pdfimage_print

05.02.2020 жылы Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде аудандық мемлекеттік қызметкерлері кезекті аттестациядан өтіп, өз білімдерін сынады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» №411 бұйрығына сәйкес Ұлттық архив заңы, архив құжаттарын сақтау, жинақтау және пайдалану қағидалары, электронды құжат айналымы, архивтік анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша тест сұрақтары берілді. Екінші кезеңде олардың қызметіне байланысты комиссия мүшелері ауызша сұрақ-жауап алды. Барлық қызметкерлер аттестацияны ойдағыдай тапсырып, өз біліктіліктерін көрсетті.

 

You may also like...