АУДАН ӘКІМІ – АРХИВТЕ БОЛДЫ!

image_pdfimage_print

Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы 13 наурыздағы №70 өкімімен бекітілген аудан әкімдерінің жұмыс алгоритміне сәйкес, Талас ауданының әкімі Досмаханбет Алиев, Талас ауданының мемлекеттік архивінде болып, архивте бүгінгі күні атқарылып отырған жұмыстармен танысты.

Аудан әкіміне саладағы жұмыстар жөнінде мекеме директоры Алмас Мұхтаров кеңінен тоқталып, Елбасы мақаласында айтылған «Архив-2025» бағыты, «Ақпаратты Қазақстан-2020», электронды құжат айналымы, сканерлеу, жинақтау т.б. жұмыстар жөнінде айтып берді.

Сонымен қатар, әкім сапары барысында, А.Мұхтаров мекеме ғимараты жөнінде 2000 жылы пайдалануға берілгендігін айта келе, құжаттардың сақталу мерзімдері 1928 жылдан бастау алатындығы, 9 айдағы есеп бойынша 2097 анықтама дайындалғандығы, сканер жұмыстарының өз деңгейінде жүріп жатқандығы туралы айтып берді.
Осы орайда аудан әкіміне архив қоймалары таныстырылып, көне қолжазбалар бойынша көрме көрсетілді.

Жалпы алғанда, әкімдік тарапынан қандай да өтініш, талап-тілектеріңіз болса айтыңыздар, мүмкіндікке қарай көмектің болатындығын айтқымыз келеді деді – аудан әкімі Д.Алиев.
Мекеме басшысы әкім сауалына бағыттала келе, жұмыспен қамту орталығынан бөлінетін қоғамдық негізде, Жастар тәжірибесі бойынша маман беруін сұрады. Д.Алиев сала басшылары архивке барынша көмектесу керектігін алға тартып, облыстық мекемелердің атқарып отырған жұмыстары, аудан үшін аса маңызды екендігін баса айтты.
Мекеме басшысы ұжымдағы саяси, моральдық ахуалдың тұрақты екендігін айта келе, саладағы барлық маман ұзақ жылдардан бері қызмет жасайтындығын айтып өтті.

Аудан әкімі өз кезегінде ұжыммен де емен-жарқын сөйлесіп, архившілердің қызметтеріне табыс тілеп, мәдениет саласына мемлекет, үкімет тарапынан жасалып отырған қамқорлықтың барынша ұлғайғанын айтып өтті.

You may also like...