АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

image_pdfimage_print
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында елімізде барша мемлекеттік қызмет көрсету түрлері электронды түрде жүргізілуде. Соның ішінде архивтік анықтамалар беру қызметі де бар. Әсіресе электронды түрде қызмет көрсету өзектілігі пандемия кезінде екі есе артты.
Пандемия кезіндегі архив саласындағы мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі мен жолдарын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысының мемлекеттік архиві «Ашық есік күнін» өткізді.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы М. Жанабаева және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №1,2,3,4 бөлімдерінің бөлім басшылары архивке келген азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған