Арулар – асыл жандар, шуақ боп шашылғандар…

image_pdfimage_print

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ұжымы 8-наурыз – халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаңында ұжымдағы қыз-келіншектерді құттықтады. Сонымен қатар, арнайы ақындардың қыз-келіншектерге арнап жазған жыр шумақтарынан құттықтау стендін архив келушілерінің назарына ұсынды. Құттықтау рәсімінен кейін архив саласында 30 жылға жуық еңбек еткен архив ардагерлері Нұркүл Құлтайқызы Оспанбекованы, Бақыткүл Жарқымбайқызы Абдыкаримованы, Шолпан Дүйсенбайқызы Қарақұлованы, Гүлсара Сейітқызын, Жанна Зарипқызы Досымбековаларды архивтің мерекелік дастарханына шақырып, сый-құрмет көрсетті. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген халық сөзі архив ұжымының ұстанымына айналған. Сондықтан да игі дәстүр бойынша архив ардагерлерін мейрам қарсаңында бірінші болып құттықтау ардагерлерге құрмет болса, кейінгі ұрпаққа өнеге екенін біз ұмытпаймыз!

You may also like...