«АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР, АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІН НЕМЕСЕ АРХИВТІК ҮЗІНДІЛЕР БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

image_pdfimage_print

Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің Мәжіліс залында «Архивтік анықтама беру мемлекеттік қызметі» бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Бұл, әсіресе, пандемия кезінде барлық мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетілуіне байланысты архивтік анықтамаларды алуда қиналған егде кісілерге көмек болмақ. Сондықтан «Ашық есік күнінде» аталмыш мемлекеттік қызметтің қарапайым халыққа мүмкіндігінше қолжетімді және түсінікті ұғындыруға назар аударылды.
Архивтік анықтамалар беру мемлекеттік қызметін тікелей жүзеге асыратын облыстық архивтің маманы өтінішпен келушілерге заң аясында әдістемелік көмек көрсетіп отырады.
Осыған орай осы уақытқа дейін бірнеше электронды бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізілді. Соның нәтижесінде барлық мемлекеттік органдардың басын біріктірген «Электронды үкімет» бағдарламасын халық кеңінен пайдалана бастады.

Бүгінде осы бағдарлама бойынша тұрғындар үйінде отырып-ақ, тіпті, ұялы телефоны арқылы жеке басына қажетті анықтамаларды сұратып алуына болады. Ол үшін әрбір азамат халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе онлайн түрде «электронды кілт» (ЭЦҚ) алса болғаны.
Бұл бағдарламада «Архивтік анықтама алу» тетігі де іске қосылған. Осы тетік арқылы әрбір қазақстандық азамат «Электронды үкімет» бағдарламасы бойынша республиканың кез келген аймағындағы мемлекеттік архивтерге сұраныс жасап, қажетті анықтамасын алуына болады.
Архивтік анықтамалар алу жөнінде өткен “Ашық есік күнін” Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры К.Сәттібаев ашып, мемлекеттік қызмет көрсету мәселесінің маңыздылығына, халыққа қызмет көрсетуде архив пен халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері жұмысының жауапты екеніне тоқталды. Директордың орынбасары А.Тыныбекова “Ашық есік күнін” жүргізіп отырды. “Ашық есік күніне” Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама бөлімінің бас маманы М.Жанабаева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамның Жамбыл облысы бойынша филиалдарының халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық бөлімдерінің басшылары, мамандары атап айтқанда, №1 бөлімнің маманы Б.Шайдилдаев, №2 бөлімнің маманы Н.Едилбай, №3 бөлімнің басшысы А.Айткулұлы және №4 бөлім басшысының орынбасары А.Сапаков келіп қатысып, өңіріміздегі және одан тыс жерлердегі адамдар үшін архивтік анықтама алуға байланысты қызмет көрсетуде ешқандай кедергі жоқ екендігін айтты.
“Ашық есік күніне” қатысуға арнайы келіп, өтініш айтқан қарапайым тұрғындар да көп болды. Мысалы, Қ. Әлішова өзінің өткен ғасырда Жамбыл қаласындағы тігін фабрикасында жұмыс істегенін, бірақ, өкінішке қарай, бүгінде ол кәсіпорын жойылып кеткендіктен сол кездегі жұмыс өтілі туралы анықтамаға қол жеткізе алмай жүргенін ортаға салды. Ал Қызылорда облысының тумасы С. Есжанова “Туу туралы куәлігі” туралы анықтама қажет екенін жеткізді. Г. Батырбекова №8 үй басқармасында істеген еңбек өтілі туралы анықтамаға зәру екен.
“Ашық есік күні” барысында тұрғындар айтқан осы мәселенің бәріне егжей-тегжейлі жауап беріліп, олардың сұраған құжаттарына қалай қол жеткізулеріне болатындығы түсіндірілді.
Айта кетейік, “Ашық есік күні” барысында облыстық архивтің ұйымдастыруымен “Өзіне өзі қызмет ету бұрышы” ашылып, онда қызмет көрсетіп отырған архив маманына өтініш айтушылар бірінен кейін бірі келіп жатты.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған