“АРХИВТІ ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫРУ” туралы дөңгелек үстел

image_pdfimage_print
Жамбыл облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының құрылғанына 85 толуына орай облыстық мемлекеттік архив қызметкерлерімен бірлесе отырып, “Архивті жеке тектік құжаттармен толықтыру жолдары” аттты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
📌 Дөңгелек үстелге кітапхана қызметкерлері, Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Г.Кулибаева, бас сарапшы Д.Атышева, Архив құжаттарын жариялау бөлімінің басшысы С.Зейнуллаұлы мен “ALEM” кәсіби білім беретін колледждің 2-курс студенттері қатысты.
📎 Іс-шара барысында архив құжаттары негізінде дайындалған “Мәдениет және өнер қайраткерлерінің жеке тектік құжаттары” атты тақырыпта көрме таныстырылды.
🔍 Студенттерге облыс көлемінде архив саласының құрылуы мен даму тарихы, қор құрамы мен құрылымдық бөлімшелер, жеке тектік құжаттарды қабылдау жолдары түсіндіріліді.

You may also like...