АРХИВТЕ АҒЫМДАҒЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары С.Мадиева, бөлім басшысы А.Кисикова, архив директорлары, бас есепші, бағдарламашы, архивист қызметкерлерінің қатыуымен жиналыс өткізілді. Жиналыста бұйрық рәсімдеу, қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру тәртібі бойынша Жамбыл облыстық мемлекеттік архив директорының орынбасары А.Тыныбекова түсіндірме жасады. « Құжаттарды бірыңғай электрондық архиві » ақпараттық жүйе жұмысына талдау жүргізу бойынша Тараз қалалық және Байзақ, Жамбыл, Жуалы,Талас аудандарының архив директорлары есеп берді.