«АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Жамбыл облысы мемлекеттік архиві «Ерлік» мемориалдық кешенінің «Даңқ» залында Мәдениет және спорт Министрлігінің бастамасымен «АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» атты республикалық ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №36 және 35 орта мектептің 7-9 сынып оқушылары, «Парасат» колледжінің 1-курс студенттері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих» факультетінің 1-курс студенттері және БАҚ өкілдері барлығы 98 көрермен қатысты.
Іс-шарада Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің атқаратын қызметі туралы қамтылған ақпараттық стенді, мәдениет саласына еңбегі сіңген ардагерлер мен зиялы тұлғалардың жеке тектік құжаттары негізінде «Жамбыл облысының мәдениет қайраткерлері» атты көрме, Ленинград заң институына қатысты облыстық архивте сақтаулы архивтік құжаттар, 1945 жылғы «Коммунист» газет тігінділері, соғыс жылдары Жамбыл жеріне эвакуацияланғандар жөніндегі мәліметтер, 1941 жылы маусым айында, Бас қолбасшының бұйрығы бойынша 105 дербес ұлттық атты әскер дивизиясы, 81 гвардиялық атты әскер дивизиясы, 678 жеке атқыштар батальоны, дербес инженерлік құрылыс батальоны, газсыздандыру отряды, 5 теміржол ротасы, 1914, 1913 және 1919 жұмысшы батальондарының жасақталуы жөнінде ақпараттар қамтылған көрмелер ұйымдастырылды.