“АРХИВ-ТАРИХ ҚАЗЫНАСЫ” атты фото-құжаттар көрмесі

image_pdfimage_print

Жамбыл облысының мемлекеттік архиві Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Архив-2025» бағдарламасын іске асыру мақсатында Жамбыл облысының және оның архив қызметінің құрылғанына 80 жылдық мерекесіне орай «АРХИВ – ТАРИХ ҚАЗЫНАСЫ» атты фото-құжаттар көрмесін ұйымдастырып, ашылу салтанатын үстіміздегі жылдың 19-қарашасында өткізді. Бұл іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары С.Құрманбекова өзінің жоғарғы бағасын беріп, облыстың 80 жылдық мерекесі қарсаңында көрме жұмысын жамбылдықтар мен жамбылдық қонақтардың назарына кең көлемде ұсынуды тапсырды.

Көрме Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің Абай көшесі, 125 А мекен-жайында орналасқан Мәжіліс залында ұйымдастырылған.

Осыған орай, аталмыш көрме Жамбыл жұртшылығы үшін жыл соңына дейін ашық болатынын және келген қонақтарға көрме жұмысымен таныстыру жүргізілетіндігін хабарлаймыз. Келіңіздер, Көріңіздер!!!

Құрметпен Жамбыл облысы мемлекеттік архиві

You may also like...