«АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТТЫ ВЕДОМСТВОЛЫҚ НАГРАДА БОЛАДЫ

image_pdfimage_print

Жақында Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына Қ.Е.Көшербаев төрағалық етті.

Күн тәртібінде Геральдикалық зерттеулер орталығының жұмысы және мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіндегі мемлекеттік рәміздерді дәріптеу мен қолдану саласындағы жұмыстардың жай-күйі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» ведомстволық наградасын және Республикалық комиссиясының 2021 жылға жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.
Комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт, білім және ғылым, Ұлттық экономика, Әділет, қаржы министрліктеріне Геральдикалық зерттеу жұмысын ұйымдастыру шараларын жеделдету, мемлекеттік рәміздердің пайдалану аясын кеңейту мақсатында белгіленген тәртіпте тиісті нормативтік актінің жобасын Үкіметке енгізу жұмыстарын, Ішкі істер министрлігіне мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнамалардың сақталуын, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іс-шаралар атқаруды назарда ұстауды тапсырды.

Мәдениет және спорт министрлігінің «Архив саласының үздігі» ведомстволық наградасына тиісті нормативтік құқықтық актіге толықтырулар енгізу арқылы жүргізілуін хаттамада көрсетсе, Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы «Отандастар» қорымен бірлесіп шетелдегі отандастарымызға еліміздің рәміздерін насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуін көрсетті.

Орталық мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдіктеріне облыстар мен қалаларда ашылған мемлекеттік рәміздерді насихаттау орталықтарын геральдика тақырыбындағы, Қазақстан тарихына қатысты және басқа да республикамыздың қазіргі өміріне арналған көрме, мұражай мұрағаттары материалдарымен толықтыруды қарастыру жөнінде айтылды.

You may also like...