АРХИВ САЛАСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің Мәжіліс залында облыстық, қалалық, аудандық архив мекемелерінің директорлары мен сала мамандары арасында “ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АРХИВІ” ақпараттық жүйе және ағымдағы жұмыстардың орындалуы бойынша жалпы жиналыс өткізілді.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыс көлеміндегі архив мекемелерінің басшылары басқарма басшысының орынбасары С.Мадиева алдында 2023 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстар есебін баяндады.
Сонымен қатар, электронды цифрлы форматқа көшірілген құжаттардың жағдайы, архив жұмысына, ғимаратқа қатысты проблемалық мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.