АРХИВ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ВЕБИНАР КУРСЫ

image_pdfimage_print

Үстіміздегі жылдың 21-22 қазан күндері «Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен Архив саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «ZOOM» платформалық бағдарламасы арқылы онлайн вебинар курсы өткізілді.

Кәсіби біліктілігін арттыру курсын «Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтының» бас директоры, т.ғ.д. Борис Әлікенұлы Жапаров ашты.

Онлайн курстың алғашқы күні ҚР Президенті архивінің жинақтау және құжаттама басқармасының басшысы Жәнібек Зейнеловтың «Құжаттар құндылығына сараптама жасау, істерді қалыптастыру, ғылыми-техникалық аппарат құрастыру» тақырыбында лекциясы тыңдалса, одан кейін ҚР Президенті архивінің архив қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының басшысы Гаухар Бекішеваның «Архив құжаттарын сақтау және оның сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, мемлекеттік есепке алу» туралы оқыту сабағы жүргізілді.

22-қазан күні вебинар өз жалғасын тауып, ҚР Президенті архивінің жинақтау жәіне құжаттама басқармасының бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Әлия Сүлейменованың «Архив құжаттарын пайдалану және жариялауды ұйымдастыру, жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу» және ҚР Президенті архивінің архивтік технологиялар басқармасының басшысы Бақытжан Шайлазымовтың «Ақпараттық жүйені құру және пайдалану» тақырыптары жөнінде оқытылды.
ҚР Президенті архивінің басқарма басшылары архив жұмысы жөнінде өз тәжірбиелерімен Жамбыл, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қарағанды облысы мемлекеттік архивтерінің басшыларымен және қызметкерлерімен бөлісті.

Онлайн вебинар курсты «Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтының» бас директоры, т.ғ.д. Борис Әлікенұлы Жапаров қорытып, өңірлердегі архив саласы қызметкерлерінің қиын да қызықты жұмысына табыс тіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған