АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ!
«22 желтоқсан – Архившілер күні» мерекесіне орай өңіріміздегі архив саласында жемісті еңбек еткен сала мамандарын марапаттау рәсімі биыл да өз жалғасын тапты. Архив саласында жыл бойы үздік нәтиже көрсетіп, саланың дамуына үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.






