«АРХИВ ІСІ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА МЕН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ» ӨҢІРЛІК СЕМИНАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастауымен өтіп жатқан «Архив ісі және құжаттама саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру» өңірлік семинарының 3-ші күні Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде жалғасын табуда.
Семинарға Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстық, Алматы, Шымкент, Тараз қалалық, аудандық архив мекемелерінің басшылары мен мамандарынан тұратын жалпы саны 50-ге жуық адам қатысты.
Семинар барысында Салтанат Нұртасқызы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына түсініктеме беріп, слайд арқылы түсіндірді.
Хорлан Дәуренқызы «Электронды үкімет» веб порталы, «Азаматтарға арналған үкімет», «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі туралы айтып, мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі принциптерін айтып өтті.
Әр өңірден келген мекеме басшылары мен аудандық архив директорлары шара соңында сұрақтарын қойып, пікір алмасты.