«АРХИВ -ЕЛ ТАРИХЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

image_pdfimage_print
          Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және оның ішінде «Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің» ұйымдастыруымен «Архив – ел тарихының қазынасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Астанада өткен конференция «Шетелдегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау проблемалары мен перспективалары» тақырыбы ауқымындағы өзекті мәселелерді қарастырды.
Шара барысында белгілі болғандай, әлемнің 14 елінен Қазақстан тарихына қатысты 7000-нан астам құжат пен қолжазба сатып алынған. Олардың хронологиялық шеңбері 973 пен 1990 жылдар аралығын қамтиды. Конференцияда сол құжаттардың барлығын ғылыми айналымға енгізу мәселесі талқыланды.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі – Абаев Дәурен Әскербекұлы, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы – Қуат Қахарманұлы Борашев, Ұлттық архив, Орталық мемлекеттік архиві және облыстық мемлекеттік архив басшылары мен қызметкерлері қатысты.

You may also like...