АРХИВ АРДАГЕРЛЕРІ АРХИВТЕ

image_pdfimage_print
Бүгін Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің Мәжіліс залында архив саласына еңбегі сіңген ардақты ардагерлеріміз қонақта болды. Алдымен сөз алған мекеме басшысы Көсемәлі Сәттібайұлы ардагерлердің атқарған еңбектеріне алғысын айтып, өз лебізін білдіріп, құттықтады.
Ардагерлер қатарында басқарма басшысы болған Нұргүл Құлтайқызы, облыстық архивтің директоры қызметін атқарған Қалдыкүл Икрамханқызы, архив саласына еңбегі сіңген Жанна Зарипқызы, Гүлсара Сейітқызы келді. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған құжаттар көрмесімен бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы таныстырып, Жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа, облыстың 80 жылдығына арналған көрмені тамашалады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған