АРХИВ АҚЫНҒА КЕРЕК АҚИҚАТТЫ ДА АЙҒАҚТАЙДЫ

image_pdfimage_print
Өткен ғасырдың 1977 жылында (9 ақпан) “Социалистік Қазақстан” газеті ақын Ұлықбектің “Қос толағай” деген поэма-диалогын жариялапты.
Жолаушы үш адамбыз “Волгадағы”,
Мен үнсіз, олар да сөз қозғамады.
Рульде бейтаныс қарт, қасындағы
Ұлына ұқсаттым мен бозбаланы.
Мен болсам журналистік жолда келем,
Олармен дәмдес-тұздас болған емен.
Ұмсынып жігіт отыр тауға қарап,
Бардайын іңкәрлігі тауға деген.
-Әке, әке! Тауды қара… қозғалады!…
Жалт қарап, біз де солай көз қададық.
Күлдім мен:
-Елес шығар…
-Тәйт, патшағар,
Қарт сосын сәл ойланып сөз жалғады.
Сендер аз білесіңдер мына тауды,
Біз үнсіз, сап тиылды үн атаулы:
-Тау сынды Толағайдың қабірі бұл!
Толағай! Естіп пе еңдер бұл атауды?!
деп, өлеңмен әңгіме айтып отырғандай жылы да жеңіл басталатын жыр жолдары ары қарай магнитше тарта бастайды.
Үлкендерше үлкен тақырыпты қозғап, поэмак-диалог жазған Ұлықбек Есдәулет сол кезде небары 23 жаста ғана екен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған