«АНАНЫҢ ЖҮРЕГІ – ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ» атты құжаттар көрмесі өтті
Көктемнің айының бастауындай 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыстық архивтің Мәжіліс залында «Ананың жүрегі – әлемнің тірегі» атты құжаттар көрмесін өткізді. Облыстық архивте Жамбыл өңірінің дамуына өзіндік үлес қосқан, облыстың қоғамдық – экономикалық дамуына елеулі үлесі бар облысымыздың айтулы нәзік жанды өкілдерінің жеке тектік құжаттары сақталған. 30-дан аса құжатты сурет жеке қорларынан алынып, көрмеге қойылды. Мұнда Социалистік Еңбек ерлерінен бастап, ақын, білім беру ісінің, спорт саласының үздіктері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртістері, журналист, мәдениет қайраткерлері, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының «Құрметті азаматтары» атағын алғандардың өмірбаяны мен облысқа сіңірген еңбегі жөнінде мәлімет беретін фото-құжаттар қойылған.
Іс-шараға облысымыздың қоғамдық-саяси өмірінде белсенділік танытып жүрген бір топ нәзік жанды қауым өкілдері қатысты. Олардың арасында еңбек ардагерлері, Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері және қоғамдық ұйымдардың белсенді жастары бар.
Көрмені облыстық архивтің директоры Қалдыкүл Икрамханқызы Башенова ашып, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі аясында ашылып отырған құжаттар көрмесінің мән-маңыздылығына тоқтап, мерекемен құттықтады. Құжаттар көрмесіне жеке тектік қордан алынған әр тұлғаға арналған құжат суреттер келушілердің қызығушылығын тудырды. Олардың арасында еңбек ардагері Гүлсін Орынбаева, белгілі кәсіпкер Гүлдара Нұрымова, «Қаралма» ЖШС-нің директоры Балагүл Махатова, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры Елена Балло, облыстық «Қызыл Жарты Ай» филиалының директоры Оразкүл Тастемірова көрмеден алған әсерімен бөлісті. Белгілі әнші Бақыт Шағырбаев жырдан шашу шашып, әуелеген әсем ән арнады.