АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ!
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске күніне орай “Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Жамбыл өлкесінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін: ашаршылық ақиқатын ашу – ұрпақ парызы” атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.
Конференцияда Әулиеата өңірінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін: тағдырлар қасіреті, халық жадындағы 1920-1950 ж.ж. саяси қуғын-сүргін зардаптары, Жамбыл өлкесі бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған діни қайраткерлердің тарихы, кулактар мен ишандардың мүлкін тәркілеу, депортацияланған этникалық топтар атты тақырыптарда баяндамалар оқылды.
Іс-шара аясында Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Л.Кожаханова, бөлім басшылары Ж.Есентаева мен С.Зейнуллаұлы Алғыс хатпен марапатталды.