ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
Мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі Жамбыл облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты» КММ, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» КМҚК
ағымдағы жылдың 08-ші қарашасында іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.