Архив қызметкерлері кезекті аттестациядан өтті

image_pdfimage_print

24.10.219 жылы  Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері кезекті аттестациядан өтіп, өз білімдерін сынады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы  25 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архив мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» №411 бұйрығына сәйкес Ұлттық архив заңы, архив құжаттарын сақтау, жинақтау және пайдалану қағидалары, электронды құжат айналымы, Архивтік анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша тест сұрақтары берілді. Екінші кезеңде олардың қызметіне байланысты комиссия мүшелері ауызша сұрақ-жауап алды. Барлық қызметкерлер аттестацияны ойдағыдай тапсырып, өз біліктіліктерін көрсетті. Жамбыл облысының  мемлекеттік архивінің қызметкерлері аттестаттауға үлкен жауапкершілікпен дайындалғаны айтылды.

You may also like...