Құжаттардың құндылығына сараптама жасау, өңдеуді ұйымдастыру тәртібі

image_pdfimage_print

«Құжаттардың құндылығына сараптама жасау, өңдеуді ұйымдастыру тәртібі»  тақырыбында
кәсіптік одақтарға, мәдениет саласына қарасты мекемелерге өткізілген семинар-сабақ

«Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі 2019 жылдың 25 қазанында «Құжаттардың құндылығына сараптама жасау, өңдеуді ұйымдастыру тәртібі»  тақырыбында кәсіптік одақтарға, мәдениет саласына қарасты мекемелерге 12 мекемеге семинар өткізді.

Семинардың күн тәртібінде құжаттар құндылығына сараптама жасаудағы негізгі мақсаттары, принциптері мен критерийлері, тұрақты және жеке құрам бойынша істердің тізімдемесі, сақтауға жатпайтын құжаттарды  жоюға бөлу актісі және тағы да басқа өзекті мәселелер қарастырылды. Тізімдемелердің, актілердің үлгілері слайдпен көрсетіліп, түсіндірілді.

Семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік-құқықтық актілердің тізімі таратылды.

You may also like...